Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова қыркүйек айына болжам жасады.
Қомақты ақшамен абай болыңыз.

Жұлдызнамашының айтуынша, осы айда әлем елдерінің ортақ мәмілеге келуі қиындайды. Саясаткерлер келісімге келе алмай, әркім өз көзқарасын алға тартады. Уағдаласу қиынға түседі.

"Адамдармен араласқанда да абай болыңыз. Бұл кезеңде түсініспеушілік, ұрыс-керіс артады. Ойланып сөйлеңіз, бірақ өзгелердің пікіріне көп мән бермеңіз. Адамның жеке басына тіл тигізуден сақ болыңыз. Әсіресе, басшылықпен, әріптестермен және туысқандармен қарым-қатынасты бұзбаған абзал", - дейді Әбдірайымова.
Маман бос әңгімеге уақыт кетірмеуге кеңес берді. Өйткені басыңызға пәле тілеп алуыңыз ғажап емес.
Сондай-ақ жаңа танысқан адамдарға қатты сеніп қажет емес, алданып қалуыңыз мүмкін. Идеология, адамгершілік, дін тақырыбындағы даулардан аулақ жүріңіз.
 
"Қомақты ақшамен абай болған жөн. Инвестиция құю, кредит рәсімдеу, қарыз алу, келісімшарт бекіту үшін қолайлы кезең емес. Алыс туысқандар мен шетелдіктердің көмегіне жүгінгенде сақ болыңыз", - деп ескертті астролог.
 
Бұдан бөлек, қыркүйекте қалта ұрлығы, банк шотынан ақша ұрлау қылмысы жиілейді, алаяқтар белсенді әрекетке көшеді. Алыс сапарға шығуға қолайсыз кезең.
Сонымен қатар, осы айда адамдарды бас ауруы мазалайды, қызбалық, ашушаңдық, күйгелектік байқалады.
Ақпарат ағыны артады. Алайда кез келген ақпаратты ой елегінен өткізіп, мұқият сараптап, тек содан кейін ғана шешім қабылдаған абзал.
Әбдірайымова айдың соңында әлемнің кейбір елдерінде жағдай ушығуы мүмкін екенін ескертті.
Ай күндеріне болжам
1 қыркүйек – белсенділік оянады, жұмысқа құлшыныс артады.
2-нен 20 қыркүйекке дейінгі аралықта маңызды құжаттармен абай болу керек. Рейстер кешігеді немесе мүлде тоқтайды, байланыс нашарлайды.
8 қыркүйектен айдың соңына дейін – ірі сомаға сауда жасауға, әсіресе компьютерлік техника сатып алуға, сондай-ақ жаңа адамдармен танысуға сәтсіз кезең.
Бастаған істі аяқтап, қордаланған проблемаларды шешкен дұрыс. Бұрыннан таныс адамдармен қайта араласу өміріңізге жаңа леп алып келеді.
9, 10 қыркүйек күндері басталған жаңа іс ұзаққа созылып, жоспар бойынша жүзеге аспай қалуы мүмкін.
16, 17 қыркүйекте алданып қалудан сақ болыңыз, көңіл-күй құбылып тұрады.
18, 19 қыркүйек – белсенділік, табыс. Сонымен қатар бір көргеннен ғашық болып қалуыңыз мүмкін. Қызықты адамдармен танысып, шығармашылық шабытыңыз оянады.
20, 22 қыркүйек ақыл-ой белсенділігі күшейеді, сәттілік серігіңіз болады.
23 қыркүйек – алдау-арбау. Серіктестермен келісімге қол қоярда "жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз".
25, 27 қыркүйек күндері адам өз күшін асыра бағалап, опық жеп қалуы мүмкін. Қымбат дүние-мүлік сатып алу үшін таптырмас уақыт.
28, 30 қыркүйек – жұмыс үшін өте жақсы кезең. Шыдамдылық танытып, талмай еңбектенетін кез.

sputnik.kz