Аяқтың төменгі жағының ісінуі өкпе проблемаларының белгісі екендігін бұрын-соңды білген ба едіңіз? Бүгінгі санымызда дәл осы тақырыпты толығырақ тарқататын боламыз. 
 
Бұл белгілер нені білдіреді
Тыныс алудың қиындауы, ентігу, кеуде қуысының қысылуы – өкпенің өз міндетін орындай алмай жатқандығының белгісі. Бірақ тыныс алудың ауыр проблемаларын білдіретін көпке белгісіз белгілер де бар. Оларды жіберіп алмаңыз!
 
Ешқашан өздігіңізден ем-шара қолданбаңыз! Есіңізде болсын: тек дәрігер диагноз қойып, ем тағайындай алады.
 
1. Аяқтағы ісіну, ауырсыну мен әлсіздік 
 
 «Өкпе мен аяқты қалай байланыстыруға болады?» деп ойлап отырған боларсыздар. Бірақ факт мынада: бір немесе екі аяқтың ауырсынуы, ісінуі, әлсіздігі немесе ұюы терең тамыр тромбозының көрінісі болуы мүмкін, жағдайдың қолайсыз дамуымен қан тамыр жарылып, өкпеге еніп, «өкпе эмболиясын» тудырады. Егер аяқта айтулы белгілерді байқасаңыз, әсіресе олар ентігумен, кеудедегі ауырсынумен немесе тыныс алудың қиындауымен бірге туындаса, шұғыл түрде дәрігерге қаралыңыз!
 
2. Тыныс алудың қиындауы
 
Күйзеліс, тұмау және жоғарғы тыныс жолдарының вирустық аурулары тыныс алудың қиындауымен бірге жүреді. Алайда бұл жағдай ұзақ уақыт бойы созылса (екі аптадан астам), сондай-ақ жоғары немесе төмен температурамен көрініс берсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз: салдарынан дерт өкпеге өтіп, пневмонияға әкеліп соғуы ықтимал. 
 
3. Баспалдақпен көтерілу қиынға соғады
 
Екінші немесе үшінші қабатқа көтерілуіңіз керек, бірақ баспалдақпен көтерілгеннен гөрі лифтімен шығуды жөн санайсыз ба? Мәселе шаршау немесе жалқаулыққа келіп тірелмей, қысқа жүктемелерден де «тыныс алу» қиындаса, дереу дәрігермен кеңесіңіз. Ешқандай себепсіз ентігу COӨА-ның (созылмалы обструктивті өкпе ауруы) жиі кездесетін көрінісі болып табылады, ол – әлемдегі өлімге әкелетін аурулардың бірі. Ентігу – аса ауыр симптом, оны еш уақытта елеусіз қалдырмаңыз!
 
4. Терең дем алудың қиындауы
 
Демікпе кез келген жаста көрініс беруі мүмкін әрі оның пайда болуына түрткі болатын себептерге созылмалы синусит пен басқа да вирустық аурулар жатады. Дәрігерлер атап өткендей, көптеген ересек науқастар маманға барар алдында өмірлеріне қауіп төндіретін демікпенің белгілері бар екендігінен мүлдем бейхабар болады. 
 
Егер кеудеңіздегі ысқырықты байқасаңыз немесе терең тыныс алуда қиындықтар туындап жатса, мүмкіндігінше, тезірек ақ халаттылардың көмегіне жүгініңіз, қандай жағдай болмасын, оны бақылауда ұстаған дұрыс!
 
5. Дауыстың өзгеруі
 
Бұл – аса маңызды симптом, сондай-ақ жақындарыңыздың бірі дауысыңыздың өзгеше естіле бастағандығын байқаса, денсаулығыңызға міндетті түрде көңіл бөлуіңіз қажет. Әлбетте, себеп бір-екі апта аралығында жазылатын суық тию немесе дауыстың қарлығуы да болуы мүмкін. Дейтұрғанмен, дауыстың қарлығуы ұзақ уақыт көлемінде жалғаса берсе, дәрігермен кеңесу керек. Себебі, бұл COӨА-ның (созылмалы обструктивті өкпе ауруы) белгісі болуы бек мүмкін.
 
6. Иық аймағындағы ауырсыну
 
Бір қарағанда өкпеге ешқандай қатысы жоқ, бірақ оны елеусіз қалдыруға болмайтын тағы бір симптом. Өкпеде дамитын ісіктердің кейбір түрлері иықтың жанында орналасқан нервтерге әсер етуі әбден мүмкін. Сондықтан бұлшық еттеріңізді жарақаттап немесе қыспаған болсаңыз, сондай-ақ омыртқаңызда еш мәселе болмаған күнде де иығыңыз ауырып, мазаласа, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге барыңыз.
 
7. Тырнақ түсінің өзгеруі
 
Тырнақтың қараюы немесе көкшіл реңктің пайда болуы дабыл қағуға негіз болмақ. COӨА-дан тіндерге жеткілікті қан түспей, еріндерде, тырнақтарда, тіпті теріде де көкшіл реңк пайда болуына әкеліп соғады. Уақыт жоғалтпай, маман көмегіне жүгініңіз!
 
8. Салмақ жоғалту
 
Еш себепсіз салмақ жоғалту дәрігер көмегіне жүгінуді талап етеді. Себебі, бұл – қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің кең таралған белгісі, сонымен қатар COӨА-ның көрінісі болуы мүмкін. Артық салмақтан арылуға ешбір әдіс қолданбаған болсаңыз, тамақтану режимі мен өмір салтыңызды өзгертпесеңіз, мүмкіндігінше тезірек дәрігерге көрініңіз!
 
9. Кеуде тұсындағы ауырсыну
 
Кеудедегі, қолтықтағы, буындардағы, бұлшықеттердегі, иық аймағындағы, тіпті жақ сүйегіндегі ауырсынудың бәрі дерлік – фиброз немесе пневмониядан бастап қатерлі ісікке дейінгі әртүрлі өкпе ауруларының белгісі екендігінен хабар береді. Дәл осы белгілер байқалса, сондай-ақ ауырсынулар бірнеше күн аралығында жазылмаса, дәрігерге хабарласыңыз!
 
10. «Ысқырықты» дем алу
 
Таңғы уақытта ысқырық пен сырыл үдей түссе, сақ болған жөн, өйткені ол созылмалы обструктивті өкпе ауруы немесе демікпенің ерте белгісі болуы мүмкін. Сол себепті маманға ертерек жүгінген дұрыс шешім.