Бауырды,өт жолдарын,қан тамырларын тазартамыз, ұйқыны қалпына келтіреміз, жалпы жағдайды жақсартамыз.
Тазаланбаған сұлының 1 ас қасық мөлшерін 0,5 литр (мүмкіндігінше сүзілген) суға бір түнге жібітеміз. Егер сізде қан қысымы жоғарылауға бейімділік болса – 1 ас қасық арпа жармасын қосыңыз.
Таңертең сол суда қақпақсыз қатты жанған отта 2 минут қайнатамыз, кейін қақпағын жауып, баяу отта 5 минут жай қайнатамыз. Сосын сүлгімен орап, 10 минут тұндырамыз. Сүзіп алып, тамақ алдында және күн бойы ішеміз.
Немесе:
1 стакан сұлыны елеуіштен өткізіп, жуып, 1 литр қайнаған суға термоста бір түнге жібітеміз. Сүзіп алып, таңертең ашқарынға ішеміз. Бұл қайнатпаны күн бойына сақтауға болмайды – тез ашып кетеді.
Емделу курсы – 10 күн.
✅Холестерин төмендейді, бет өңі жақсарады, тұздар, шлак пен құм шығады.
Жарас ҚАСЫМ