Күз мезгілі созылмалы  ауру түрлерін асқындыратын мезгіл.Бұл мезгілде кімге абай болу керек?

   Мамандар пікірінше,мына ауруы бар адамдар бұл мезгілде көп зардап шегеді;

    Цистит

   Бұл аурудан 40 пайыз әйел ауырып,10- пайызында қайталана береді.Кейбірінде жылында үш реттен қайталанады.Ер адамдарда ол сирек кездеседі.Себебі ер мен әйел адам ағзасы екі түрлі.

Яғни әйел адамға түрлі ауру тарататын бактерия қынаптан тік ішекке тез енеді.

    Алдын алуға болады;

 -Жылы киіну

Қолданатын сұйықтық мөлшерін көбейту

Қабынуға қарсы шөп дәрілерін қолдану

(бүйрек шәйі,аюқұлақ,итбүлдірген жапырағы)

Диета ұстап,рационан өткір және тұзды тамақты алып тастау

АСҚАЗАН ЖАРАСЫ,ГАСТРИТ

  Асқазан- ішек  жолы-біздің ең негізі барометірміз.Ол ауа-райына тез әсер етеді.Дені сау адамның түнгі уақытта асқазан сөлі азаяды.Ал асқазанында жарасы бар адамдарда керісінше.Сондықтан асқазан жарасы бар адамдар,түнде асқазан ауруына шағым жасайды.

    Алдын алуға болады;

-      Асқазан  сөлін көбейтетін майлы,өткір,ашытқы  азықтарынан,кофе,газды сусындардан бас тарту.

-      Тамақтану арасында ұзақ уақыт мол тамақтанбау.

-      Дәрігер тағайындауын тура орындау.

  СОЗЫЛМАЛЫ БРОНХИТ

  Күз мезгілінде оны асқындыратын- тек суық емес, өткір респираторлы- вирусты инфекциялар.Ауруды асқынудың он пайызында  ғана –стерептококк, стафилококк,пневмония,гемофильді таяқша себеп болады.

Алдын алуға болады;

-      Суықтаудан сақтану

-      Арнайы тұмауға арналған екпе салдыру

-      Темекіден бас тарту

-      ЖРВИ ауырған адамнан сақтану.

    Мезгілінде асқыну ағзаның жұмыс уақытысының өзгеруінен орын алады.Күн қысқарып,түн ұзарып,гармондр өнімі өзгереді.Сондықтан созылмалы ауруы бар адамдар,барынша сақ болып,дәрігер тағайындаауын бұлжытпай орындағаны жөн.