Болған оқиғаның ізімен...
Ғани Әлихан
Арманыма жеттім десем армансыз адам бола ма , мұнан кейін де маған деген тағдырдың тосын сыйы таусылмады .Сәкеңді қолға түсіріп алып жұмысқа бірге барып кеп жүргенде араға он бес күн салып бәйбіше жетті . Енді бұл бұрынғы бәйбіше емес , ажары кіріп тіпті де сұлуланып кетіпті . Мұны көрген Сәкең менен бәйбішеге секірді . Әрине бұл менің күткенім емес , ішім күйіп іштарлық басталды . Осылайша кешегі ең жақын әпкетайым бүгінгі басты жауыма айналды .
Қысқасы тоқалдың күні құрысын , бұрынғы байлар жас тоқалды айналшықтаса мына сорлы бәйбішеден аса аламады . Бұл менің зығырданымды қайнатып жарылуға жеткізді . Жарылмай қайтейін бәйбішесі келген үш күнде байсымағымқасыма бір келмеді . Тіпті бөлмеме бас сұқпады . Міне осыдан соң бәйбіше мен менің ит мысық ойынымыз басталды . Шыны керек оның не ойлап жүргенін білмеймін әйтеуір үнсіз жүрді . Тіпті ол біздің соңғы он бес күнде бірге болғанымызды да білмейтін сияқты . Немесе білсе де білмегенсіп жүрді . Мен болсам жарылудың аз- ақ алдында тұрмын . Негізі осының бәріне өзім кінәлімін . Қайдағы біреудің сөзіне сеніп тар жерге басымды тықтым . Енді міне не әрі емес, не бері емес , тарыға таласқан тауықтардың күнін кештік . Ал оны бөліп беретін Әтештің түрі анау . Кәрі күркеден бері келмейді . Тіпті мен жайлы ойламайды. Бар жоғымды да сезбейді . Сонда мен қалайша төземін . Мұны ашып сөйлеспесем болмас . Өйткені үйім бір , жұмысым бір , тамағым бір . Бірақ ең маңыздысы төсегім бөлек . Сонда бұл қандай өмір . Қысқасы ретін келтіріп бәйбішемен тілдессем деген оймен бүгін ерте келдім . Ал Сәкең товар күтіп қалада қалған . Сіңілім деп сөйлейтін сылқым бүгін өте көңілді отыр екен . Күйсіз жүргенімді сезсе керек әңгімеге өзі тартты .
- Сіңілім сұраған ыңғайсыз екен . Сонда да сен айтшы біздің Сәкең қандай өзі ?- дейді басын төменге салып . Ооо міне , бұл бәйбіше білмейді емес бәленің бәрін біледі , айттым емеспе . Тек білмегенсіп жүр . Мен не дейін өзі сұрағанда сөзден қалам ба сырымды ақтарып тастадым .
- Біздің Сәкең жақсы адам ғой , бірақ сіздің бөліспейтініңіз жаман екен -дедім . Түрі бұзылып ойға батып кетті . Мен онан сайын күшке міндім .
- Мен әліде түсіне алар емеспін әпкетай . Мен бұл үйде кіммін өзі . Мысалға мына сізге кіммін , Сәкеңе кіммін? Егер мен сіз ойлағандай тоқал болсам онда Сәкең неге маған жақындамайды . Маңыма жоламайды . Ал егер сіздің сіңліңіз болсам,онда мен неге некеге тұрдым ? Сол некеге сіз өзіңіз тұрғыздыңыз емес пе?- дедім . Мына сөзге бәйбішенің басы қатты . Ауыр күрсініп судан жұтып алды да барын ақтаруға кірісті .
- Сіңілім !- дейді -Сіңілім ! Біз Сәкең екеуміздің таңдауымыз сен екеніңді жасырмаймын . Екеуміз ойласа келе саған тоқтадық . Айттым ғой , сені мен о баста ауруханада көрдім . Содан Сәкеңе жеткіздім , тоқал ал деп көндірдім . Негізі мен осы тоқал деген сөзді ұнатпаймын . Дегенменде шын мәнінде сен тоқалсың . Ол сенің көңіліңе келмесін . Бұл біздің салтымызда бұрыннан бар . Ал енді сен жақсылап тыңда . Біздің екі қызымыз бар . Оларды өзің көрдің , білесің , танисың . Бірақ ол екі қыздың екеуі де шетелде , Қазақстанға келгісі жоқ . Үлкен қыз сондағы бір Американдық компанияда жұмыс істейді . Айтуынша болашақ күйеу баламыз да сол елдің азаматы . Яғни Американдық . Онан туған баланы біз асырап ала алмаймыз . Оған Американың заңы жол бермейді . Жалпы Америка деген мемлекет өз азаматтарын ешқашан шетке бермейді . Олар да ол өте ауыр қылмыс боп саналады . Ал қыздың жалақысы жоғары , тіпті өте жоғары . Жылдық табысы 110 мың АҚШ долларының көлемінде . Сондықтанда ол елге келмейді . Тұрмысқа шығып сонда қалады . Ал екінші қыз оқуда . Оқуын бітіргенмен оныңда елге қайтқысы жоқ . Ал мына менің жайым саған белгілі . Сәкеңе де белгілі . Өзіме де белгілі . Мен де бала туатын мүмкіндік жоқ . Ондай мүмкіндіктен осыдан он бес жыл бұрын айрылдым . Тап қазір бір аяғыммен көрде жүрген адаммын . Ал мына Сәкеңе бала керек , соңына еретін тұяқ керек . Қысқасы осыншама мүлікке ие болатын мұрагер керек . Егерде сен сол мұрагерді туып берсең , онда осының бәрі сенікі . Тіпті мен екі қызым үшін қайғырмаймын . Мен тек Сәкең үшін ғана алаңдаймын - дейді . Міне қызық . Бәйбішенің ойы жаман емес . Негізі менің де ойлағаным осы . Көздегенім де осы . Сол екі қыз шетелден келмесе екен . Сонда байға шығып тастай батып судай сіңіп кетсе ғой . Құдайдың өзі кешірсін-ау оған дейін бәйбішеде біржақты болса , онда мен де арман бар ма ?Тек қана сөге көрмеңдерші , адалдықпен жамандықтың арасы бір тұтам екен ғой . Мен сондай өзгердім қайтейін . Өйткені мұндағы жұмаққа қатты үйреніп қалдым . Қалай ғана көзім қисын . Оның үстіне тоқал болып та үлгірдім емес пе? Қазірше ойлағаным ұл туып берсем онда менің асығым алшысынан түсті десем болады . Демек Сәкеңнің құшағына тығала түсуім керек . Бірақ бәйбіше оны оңай ғана жібере салсын ба ? Өйткені мұрагер жайлы өз аузымен айтқанымен жүрегімен жек көрсе керек . Кім өз байын өзгемен бөліссін . Мұнда да тап сондай . Негізі осы қатын мені осы үйдің қу тіршілігі үшін алдырса керек . Өз денсаулығы болмаған соң келін орнына түсірді ме екен , кім білсін ? Олай дейтінім үш күннен бері қасында түнеп жүрген байына тоқалыңа бар - деп неге айтпайды . Байын жасырып жатып маған ұл ту дегені несі . Не болса да мұнда бір шикілік бар немесе бұл жәй ғана қойылым . Әрине сценариін бәйбіше жазды , ал Сәкең ақымақтың рөлін сомдап жүрген актёр . Бұл жерде басқа түк те жоқ, бұл тек қана жасанды спектакль . Болмаса бұл екеуінің басқада ойы бар . Ол маған ұлды тудырып тастап көзімді құрту . Енді не болса да ,Құдай сақтасын соңына дейін көрейін . Міне осыдан соң менің мінезім қатты өзгерді . Өзгермей қайтсін бір қарағанда бәйбіше өте ақылды қатынға ұқсайды . Бірақ өлем дем ыңырсып отырып байын ұршықша иіреді . Уысынан шығармайды . Менің құшағыма түнетпейді . Демек бауыр басып қалады деп қорқады . Сосын алда - жалда ұл туа қалсам екеулеп менің жанымды жаһаннамға аттандырады . Сонда ұл өздерінде қалып ұлды болады . Міне бұл маған айтпаса да түсінікті . Қысқасы басымды шырмаған осындай ойлармен арпалысып жүріп күндерім өтіп жатты . Сәкең де күнде болмаса да күнара келіп құшағыма түнейтінді шығарды . Ал мен де болса , бұл неғып түнеп жүр , неғып келгіштеп кетті деген үрей пайда болды . Содан мұның бәрі екеуінің жоспары деп ойладым . О баста мына еркекке тоқал болғаныма қуанған болсам соңында қорқа бастадым . Өйткені біз тату - тәтті тұрмаймыз . Олар екеуі бір төбе де, мен жалғыз өзім бір төбе боп шыға келдім . Осыдан соң мен өзімді кейін қарай тарта бердім . Ал ауру бәйбішенің қыңқылы көбейе берді . Мен оған бұрын жаным ашитын болса енді үрке қарайтын болдым . Себебі осының бәрін өтірік жасап жүргендей көрінді де тұрды . Міне осындай күдік мені олардан алыстата берді . Соңында жалғыз өзім тұйықтанып алдым . Жүйкем сыр бере бастады . Қысқасы қайғыдан қан жұттым . Сөйтіп жүргенде көктем кетіп жадыраған жаз келді . Ал менің жағдайым күннен күнге төмендей берді . Тіпті жығылғанда жұдырық дегендей көтеріп қойдым . Бірақ бұл жайлы жақ ашпадым . О баста құрсақ көтерсем деп армандаған болсам енді сол құрсағымнан құтылуға асықтым . Өйткені қорыққанымнан күйзеліске түскенім соншалық , миым істемей қойды . Бар ойым ішімдегі баламнан құтылу ғана болды . Мүмкін мұныма біреулер сенер біреулер сенбес , өйткені бәйбішенің көзқарасы мені осыған итермелей түсті ...
( жалғасы бар )