Осылайша Оңтай ағамыз үш жаққа жүгіріп жүргенде кіші тоқалдың толғағы басталды .

Соңғы он бес күнде ауданға кеткен ағамызға үйдегі бәйбіше қатты өкпелегені бар .Бірақ қанша ренжісе де қыздай тиген байы ғой ашуын сыртқа шығармаған .Тек анда - санда қоңырау соғып , күн суытса малға қарауға жалғыз өзінің мұршасы келмейтінін сондықтанда мына үш малшының екеуімен өзі келіп жеке сөйлесуі керектігін айтқан .

Бірақ бәйбішені тыңдайтын Оңтайма қайын енесінен ұл дегенді естігелі есі кеткен . Осылайша бұрын күнара шабатын ауданға күнде шауып кей - кейде тіпті үш төрт күндеп сонда қонып қалып жүрген . Ал ортаншы тоқалдан хабар алмағалы қашан .

Өткен айдың басында келіп қыздардың оқуына деп он қоймен бір жылқыны саттырып ол кеткен . Ол аздай тағы да бір қойдың басын қақтырып ішек қарнын лақтырып оны да сөмкеге салып тайып түрған . Міне сонан бері ортаншыдан хабар жоқ . Ол енді белгілі ғой ақша бітіп қарны ашығанша ауылға аяқ баспайды .

Сондықтанда тап қазір барлық тірлік - тіршілік осы бәйбішенің мойнында . Осыдан бірнеше жыл бұрын ортаншыға мұңын шағып қырыққа келдік қартайдық қой деп отыратын бәйбіше соңғы жылдары осы сөзінен қайтып қалғаны тағы бар . Өйткені өзінен төрт - бес жас кіші ортаншыны көріп отыр .

Қалаға ауысқалы ажары кіріп сәнімен әні жараса қалыпты . Оның үстіне көлік жүргізуді үйреніп көзілдірік киіп керіле түскендей . Осының бәріне сырттай білдірмесе де іштей қызғанышпен қараған бәйбіше қап бәлем тоқтай тұр деп , бетке жағар опаны үйіп - төгіп боянып алған .

Содан міне , малшы Көбейге көзі түсіп жүр . Бірақ ардың ала таяғынан аттай алмай менде адам баласымын ғой , маған неге өз өзіме қарамасқа , қашанғы малмен мал боп жүре бермекпін деп әрең жүр . Ал оған себепте жоқ емес . Ұл туып беремін деген кіші тоқалдың ұлы сөзін естігелі Оңтай ағамыз бәйбішеге қарауды қойған . Көп келе бермейді , келсе де малын түгендеп болып ауданға қарап тайып тұрады . Міне бәйбіше осыған ашулы .

Былайша айтқанда көк көрпені көтермегені үшін кек сақтап жүр . Бірақ ауылдың қызы ғой бір жағынан ел жұрттың өсегінен қашса екінші жағынан қыздай тиген байын қимайды . Кей - кейде сезімге беріліп елтіп алғаны болмаса , өзіне өзі осы ойы үшін жиіркене қарайды .

Алайда байсымақтан тез арада хабар болмаса күннің күнінде Көбекеңнің қолтығына кіріп шыққаннан басқа амалы жоқ . Енді айтады ғой қашанғы болсын денсаулық деп торға топ етіп түсіп тояттап алмаса курап жүргелі қашан . Ал Оңтай байғұстың мұны ойлайтын шамасы жоқ .

Бар білгені кіші тоқалдың құрсағы ғана . Оның үстіне шайпау енесі қулыққа басып ұл сенікі , көбірек уақыт бөлсең ұл әкесіне тартады деген бар . Саған ұқсаса жаман болмас деп құйрығына көпшік қойып жіберген .

Міне бүгін сол кіші тоқал ауданды қойып облысқа келді . Осында жатып алып аяғын айқара ашып қит етсе толғақ деп қоңырау соғып есін кетірді . Ал осы емхананың алдын торуылдап тағатсыздана күтіп Оңтай жүр . Қалтасынан телефонын алып ортаншыға бір қоңырау соқса бәйбішеге бір соғады .

Бірақ екеуі де телефонда тұрып тілек тілегені болмаса шын ниетпен сөз айтып құттықтағаны шамалы . Өйткені іштері күйіп барады . Әсіресе ортаншы тоқал қатты күйзеліске түсті . Неге маған ұлды болмасқа екі қыз шыққан жерден неге ұл шықпасқа дейді . Оның үстіне әлі жап - жаспын , сылқым сұлумын дейді 

Ал бәйбіше де мұндай арман жоқ . Тұңғыш қызды туғаннан - ақ маңдайына қара тігіліп құрсақ көтеруден қағылған . Енді мұның көксегені Көбейдің құшағығана . Осыдан Оңтай қайтып келмесе , бұрынғыдай құшағына түнемесе ол күннің де алыс бомасын біледі . Құрғыр табиғи талап деген бар ғой тартып барады .

Ол дегенің жәндіктен бастап адамзатқа да ортақ . Күндердің күнінде құшақтап барып құлай салуы да ғажап емес . Бірақ тағыда айтамын Оңтайды қимайды Оңтайды . Ал Оңтай сорлының күте - күте көзі төрт болды . Ендігі ойы қаладан пәтер жалдап сонда барып тынығып алу ғана .

Сол үшін де қолындағы гәзеттке үңіліп номер тере бастады .Үлкен қалада пәтер деген проблемама кешкі асын ішіп алып жарты сағатта жетіп келді . Содан ортаншыға қоңырау соғып хал жағдайын қыздарын сұраса бәйбішеге соғып мал жанды сұрады .

Сонан соң қор етіп ұйқыға кетті . Ал байсымақтан алыста жүрген ортаншы өнер ашқалы қашан . Өзіне бес жасқа кіші психолог жас жігітпен жымыңдасып жүргеніне біраз болған . Қазірше оны ешкім білмейді . Екі қыз оқуына кеткенде қоңыраулатып шақырып алып айызын қандырып жүр . Жас жігіт қойсынба әп - сәтте тас - талқанын шығарып талқандап кетіп жүр .

Бірақ ұрлық түбі қорлық деген бар , үлкен қыз күдіктеніп үлгірген . Сонан бері мамасына деген сенімінен секемі басым боп қабағын түйіп алған . Әрине ол әлі жасқой бірақ барын ауыздарына тосып оырған әкесін жақсы көреді . Сондай - ақ осы жүрістің бәрі Оңтайдың арқасы екенін жақсы түсінеді .

Сондықтанда мамасының телефонын аңдуға көшкен . Қолайы келсе қой мама деп айтпақшы болып оқталып жүр . Бірақ қазірше нақты айғақ дәлелі жоқ . Тек өткенде моншада тұрып мамасының әлдекімге жаным сен менікісің ертең келсеңші деп айтып жатқан сөздерін құлағы шалған . Сонан бері мамасына деген өкпесі қара қазандай боп сырт айнала бастағанды .

Ал жас жігіттің бұлауына түскен ортаншы тоқал тоқтай алар емес . Тіпті Оңтайдан көрмегенді сенен көрдім деп жігіттің қалтасына ақша салып жүр . Бұл бейбақта қайтсін енді , бай дейтін байда алыста . Тең - теңімен тезек қабыменғой Оңтай мені менсінбейді деп ойлайды .

Шынымен де кім - кімге өкпе айтар дейсің . Өйткені бай дейтін байсымақ тым болмаса аптада бір кеп айғырша шауып тұрмаса ол байға жатама . Қайтсін , мұныңда бай көрмегеніне біраз болған . Міне бұлда қашанғы жүрер , өзі жас .Содан жас жігіттің буынына түсіп ымдасып бастаған . Мұндайда қор болдың сорлы Оңтайжан - ай дегеннен басқа амалың жоқ . Әлі көрерің алдағой сенің . Мұқтаждық деп бірінің үстіне бірін алып енді міне еркектік намысың таптала бастады . Әлі бәйбішеңнің басы бұзылмасын өйткені олда әрең жүр . Құдай - ай бәйбішеге тобық берегөрші осы ...

жалғасы бар...