Қысқасы шыр еткен қоңырау үнін естіген Оңтайдың қуанышында шек болмады . Өйткені арғы жақтан жеткен қыз дауысы "солдат аға ,солдат" деп сүйінші сұрап айғайлап жатты .
Содан апыл- ғұпыл киініп кіші тоқалға қарап тайып тұрды . Күткенім осы ғой менің Құдай маған берді деп желіп келеді . Алайда кіші тоқалмен құндақтағы баланы терезеден ғана көрудің сәті түсті . Содан жалма- жан қалта телефонын алып бәйбішеге, онан ортаншы тоқалға хабарласты .
Хабарласпай қайтсін тап қазір мұның жүрегі қуаныштан жарылардай күйде тұр . Өйткені 24 жыл күткен ұл баласы дүниеге келді . Содан менде арман жоқ деп жақын маңдағы кафеге бас сұқты . Ақшалы адамға мұң боп па , дастархан жайып шақырған адамға бейтаныс адамдар кеп қуанышына ортақтаса кетті . Содан міне ішуде жүзу басталды .
Тіпті қалталы телефонды алып бәйбішеге қоңырау соқты . Әрине соңғы бес алты жылда арақтан татып алмаған мұның мас болғаны бәйбішені онан әрі тығырыққа тіреді . Сырттай қуансада іштей қызғанып, емханада апта жататын болса ауылға қайта бермейсің бе ,қыс кеп қалды ғой деген бәйбішенің сөзін құлаққа аспады . Асу түгіл тыңдамады .
Тіпті апта жатса менде осында апта жатам сенің шаруаң болмасын деп телефонды өшіре салды . Бұл қорлыққа шыдамаған бәйбішеден төзім кетті . Не деген сорлы едің , енді өз обалың өзіңе болсын деп бұл да кешкі етке көкпаршы Көбейді шақырды . Ал Көбейжанның несі кетсін , соңғы күндері бояна бастаған Оңтай бәйбішесіне бұл да кет әрі емес еді . Оңайға келсе осып жібергісі келіп - ақ жүр . Бірақ үйдегі қалалық бәйбішеден қорқып батына алмай жүрген .
Сонда да бәйбішеден қоңырау келгелі тағаты кетті . Негізі бұл бәйбішенің үйінде бұрында талай болған . Бірақ Оңтайдың өзі үйінде болып қонаққа шақырса ғана баратын . Ал мына шақыртудың астарында бір кәкірдің барын түсіне қойғаны бар . Өйткені он күндей болды Оңтай жоқ . Тіпті кіші тоқал ұл туып арақ ішіп сонда жатқанында естіп үлгірген . Сондай ақ соңғы айларда бәйбішеде айнала соғып маңайынан кетпей жүргенін байқаған . Соның түйсігі міне күннің батуын күтіп қасқайып отыр . Қысқасы ә дегенше қараңғыны түсіріп атқа қонған көкпаршы Көбей Оңтай қыстауына қарай шаба жөнелді . Ал тағатсыздана жолға қараған бәйбіше ат дүбірін естігенде қуанышын жасыра алмады . Қайтсін енді екі айдан бері еркегін көрмеді .
Бұл да адам баласы ғой табиғи заңға қарсы тұра алмайды . Оның үстіне үйде отырып қанша күйбеңдеп қимылдасада көк көрпе қимылы бір бөлек . Бірақ қос иығын зіл басып менің осыным дұрыс па деген мазасыз сұрақ та жоқ емес . Енді қайтсін шақырған өзі ғой суыт келген көкпаршыны амалсыз үйге кіргізді .
Ал Көбейдің көкейін нәпсіқұрмағыр тесіп барады . Негізінде ойлап қарап өткен өміріне бұл да көз жүгіртіп көрген . Сөйтсе сонау үйленгелі бері он екі жылда солға қарап аттап баспаған екен . Сол үшінде бұл оған қызық көрініп , өзіне төрт жас кіші қалалық қатыннан төрт жас үлкен Оңтай қатыны артық боп тұрғандай . Алайда осы баланы Оңтайдың өзі басы қасында жүріп үйлендіріп үйлі қылғанында ұмытпағаны жөн . Оңтайға келгенше өткен кеткенмен ыстақандас боп үйлене алмай жүргені рас еді .
Демек үстіндегі үлкен үйді де Оңтайдың арқасында сатып алған . Ал сол үйдегі үш ұл да Оңтайдан тумасада әкелелері аға дегенге олар ата деп кеткен . Міне осыншама жақсылықтың бәрін бір түндік бүлкілге бұл есуаста ауыстырмақ ойы бар . Сол үшінде жан - жағына алақ- жұлақ қарап ұрлана басып есік алдына келді .
Ал мұның барын уақытпен есептеп қойған бәйбіше жетіп кеп есік ашты . Осылайша ұрлық істің уақыты жетіп жүгірмек Көбей жайылған дастарханға отырды . Ал қазанын күйттеген бәйбіше аман саулықтан әрі аса алмай күйбеңге түсті . Күйбеңмен қосылып қара терге малынды . Онан әрі жақ ашып сөйлемеді . Денесі мұздап жүрегіне қорқыныш ұялады . Тұла бойын үрей биледі . Әлденеден сезіктенгендей секемдене бастады .
Қысқасы мұндай қылмысқа бару бәйбішеге оңайға соқпады . Себебі 24 жыл оттасқан Оңтайын қимады .
Ал көкпаршы жігіт бәріне де дайын еді . Өйткені әумесері оянып аттың басын жібер деп қолқа салғалы қашан . Бір ойы осы тұрғанда соңынан барып қапсыра құшақтап алғысы келді . Бірақ оған шамасы жетпей қиналды . Мұның да көз алдына өз әйелінің сұлбасы келді . Сұлу ғой шіркін деп сұқтанып алып ойға батты .
Ал әумесер батыр онан сайын жұлқына түсті . Құдды бір жын көргендей жібер де жібер деп шыдатпай барады . Көкпаршы емеспе содан орнынан тұрып бәйбішеге жақындай түсті . Өз ойындағыдай сырттай қапсыра құшақтап жаңа халаттың түймелерін ағыта бастады . Міне , міне Әу десе болғаны көк көрпеге құлап бүлкілдей жөнеледі . Бірақ оған дейін жетпеді .
Жұлқына кеткен бәйбіше құшағынан сытылып кетті . Анадайға барып түймелерін қайта қадап сөзге көшті . Кешір мені Оңтайым аман тұрғанда мен мұндайға бара алмаймын . Асыңды іште қойқорадан хабар ал . Сосын үйіңе қайта ғой келін іздеп қалар деп үстелге шақырды . Міне осымен бәрі бітті . Арам ұрлық жүзеге аспай қалды . Ал астан ауыз тиген көкпаршы Көбей үйіне зытты . Осылайша бәйбіше ардан аттай алмады . Есесіне Алматыдағы ортаншы тоқал ойранды салып жатты . Жас психологпен кездесіп ойына келгенді жасады . Тіпті жас баланың буынына түсіп бәрін жасатты . Ал араққа сылқия тойған Оңтай ағамыз кіші тоқалды күтіп қаладағы пәтерде ес - түссіз жатты !
Жалғасы бар...