Сиқыр мен көз тиюдың адамға әсері бар. Өйткені, яһудилердің Зұрайқ руынан Ләбид ибн әл-Аъсом Алланың Елшісін (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сиқырлаған. Соның кесірінен ол ауырып, жатып қалған. Бұл жағдай Алла Тағала тарапынан «Фалақ» пен «Нәс» сүрелерінің түсуіне себеп болған[1]. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сиқырланғаны жайында келген хадис «Сахих Бухари», «Сунан Ахмад ибн Ханбал» кітаптарында баян етілген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Көз адамды қабірге, түйені қазанға алып кіреді», - деген[2].

Сиқыр мен көздің шындығын әһлі сүннет қауымы бірауыздан қабылдайды, бірақ әсер етуші күшті Алладан деп біледі[3].

 

Х.Аманқұлов