Жан дүниенді жақсартатын жеті жәйіт бар.
1.Әкімдердің шапағаты.
2.Ғұламалардың шариғаты.
3.Байлардың салауаты.
4.Кедейлердің қанағаты.
5.Үлкендердің ұлағаты.
6.Жастардың инабаты.
7.Азаматтың ар-ұяты.
Осыларды азық етеді,асыл жандар жұрағаты.
Жүйкені тоздыратын және желіктіретін жеті нәрсе
1.Еңбексіз жеген нан.
2.Некесіз болған жан.
3.Боямалы тән.
4.Нашадан бұзылған қан.
5.Темекенің түтіні.
6.Арақтың жұтымы.
7.Ақшалы ойынның ұтымы.
Мұндайларға бой бермес,асыл адам тұқымы.