Ілгеріде бір жігіт елге танымал дана қартқа келіп, оған өзін қинаған үлкен бір мәселені айтып шағымданған көрінеді. Сондағы айтпағы мынау екен: "Мен әйелімді алғаш көргенде «Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар» деп ойладым. Сосын оған үйлендім. Қарасам, ол секілді әйелдер көп екен.Біраз уақыт өткеннен кейін одан да сұлу әйелдердің өріп жүргенін байқадым. Жылдар өткен сайын әйелімнің көркі мен тартымдылығы кеми берді, кеми берді. Басқа әйелдің барлығы мен үшін хор қызындай. Мұның сыры неде?» - деп сұрайды.
ƏЙЕЛДЕРДІҢ БƏРІ СҰЛУ!
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Сонда әлгі қарт: «Саған одан да сорақы, одан да қорқынышты бірнәрсе айтайын ба? Егер сен әлемдегі әйел атаулының барлығына үйленсең де сен үшін көшедегі бұралқы иттер бәрінен сұлу көрінер еді», - дейді. Әлгі жігіт бұл сөзді қалжың деп қабылдап, күле бастайды.
Сонда қарт сөзін жалғап: «Себебі, кемшілік сенің әйеліңде емес, кемшілік – қанағатсыз жүректе, көрсеқызар көзде, тойымсыз көңілде. Ұят кеткен көзді тек топырақ қана толтыра алады», - дейді.
Сосын: «Жарыңның баяғы, әлемнің ең сұлу әйеліндей болған кезіне қайта оралғанын қалайсың ба? Онда көзіңді еркіне жіберме. Бөтен әйелдердің қасында назарыңды төмен салуды үйрен. Өйткені, көзді тыю – жанды демалдырады, кеудені тыныштандырады. Әйеліңді сәт сайын сұлуландырып, жаныңды шаттандырады. Сонда ғана әйеліңмен қанағаттанып, жанұяңды сақтайсың», - деген екен...