Қайруллаев Ануар Нуртайұлы "Қалаулым" жобасының қатысушысы
"Қалаулым" жобасы арқылы біраз көрерменге таныс болып қалдыңыз. Жобаға қалай келдіңіз?
Ия. "Қалаулым" жобасы арқылы біраз көрерменге танымал болып қалдым. Мен жобаға жұрт қатарлы кастингтен өтіп келдім.
Жобаға келудегі мақсатыңыз?
Жобаға келген мақсатым - өз жұбымды табу.
Ер жігіт ретінде сізге қандай қыздар ұнайды?
Мен қыз баланың жігітті сыйлай білетін қасиетін бағалаймын және жігітке адал болғанын қалаймын
Жалпы, қыздардың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?
Маған қарапайым, пысық қыздар ұнайды
Қиялыңызда тербеткен ханшайымыңыз бар ма?
Ондай xаншайым жоқ.
Өмірде сіз бағалайтын адам бойындағы үш қасиет
Өмірде бағалайтын адамның үш қасиеті ,мол адал болу, сыйластық, қарапайым болу
Ал, сіз қаламайтын қасиеттер қайсы?
Мен қаламайтын қасиет ол - өтірік айту
Бос уақытыңызды көбіне неге арнайсыз?
Бос уақытымда мен көп уақытты өз-өзіме арнаймын . Спортпен айналысамын.
Өмірдегі Əнуар қандай адам? Өзіңізді үш сөзбен суреттей аласыз ба? Өмірдегі Ануар ол қарапайым ,адал,балажан.
Əлеуметтік желіге көзқарасыңыз қандай?
Әлеуметтік желіге жақсы қараймын. Бірақ өз жеке басым күніне жоқ дегенде бір - екі сағат уақытымды бөлетін жанмын.
Қандай желілердің қолданушысысыз?
Мен инстаграм және VK әлеуметтік желісін қолданамын
Болашаққа қойған мақсаттарыңыз қандай?
Болашаққа қойған мақсаттарым өте көп , соның бірі үлгілі отбасын құру және болашақ балаларыма жақсы әке болу және жақсы тәрбие беру.
Сұхбатыңыз үшін рақмет! Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіз!