Қайырлы күн бәріңе!
Қыз -келіншектер,сөкпеулеріңізді сұраймын.Мен орысша оқыдым, егер кей сөзімде қате болса, кешіріммен қарарсыздар.Жасым 20- да, мектеп біткерген соң колледжге түстім.Ата -анамның үмітін ақтап грант алдым.
Сабағым жақсы болды.Оқып жүрп, құрбыларыммен қыдырып, көңіл көтеруге де үлгердім.Сөйтіп жүріп бес жыл әлеуметтік желі VK-да танысып,сөйлесіп,екі күн көрген жігітме тұрмысқа шықтым.Ол кезде бірінші курсты біткергем.Тұрмысқа шыққанда ол алып қашты.Салт -дәстүрден, ата-анамның абыройы үшін сол босағада қалдым.
Ең басында бәрі жақсы болды.Үйдің кенже ұлы екен,күйеуім.Той болды,бәрі бастапқыда жақсы көрінді.Үйде ата-енем ,аға -жеңгесі және біз тұрдық.
Сөйтіп бес айдан соң бала көтердім.Оқуда жүріп бәріне үлгердім. Енем оқымаған адам болған соң, көре алмай мені оқудан шығарып алды. Күнде ұрыс -керіс болып, шыдау мүмкін болмай кетті де, екі айдан соң төркініме қайттым.
Үйге келген соң қатты ауырдым.Дәрігерлер диогнозымды қоя алмай біраз қиналды.Ал мен күнен күнге әлсірей бердім.Мына өмірден түңіліп кеттім.Бірақ, шықпаған жанға себепші деп бір емші апайға барып, енемнің дуа жасағанын білдім.Ол оқып, қайтарып көзім ашылды.
Енді бес айдай болып қалды.Бір жігіт ұсыныс жасап, жүр.Тіпті той жасаймын дейді.Құда түсіп,сырға салып, қазақтың дәстүрімен үйленгісі келетінін айтты. Ата -анам да қарсы емес.
Енді сұрайын дегенім, бұрын беті ашылған қызға, қайтадан беташар жасаған дұрыс па?Артық сөз жазбаңдаршы өтінемін.Аты -жөнімді көрсетпей беріңіздерші.Тезірек шығарып берсеңіздер екен.Алдын ала рақмет !