Нағашбек Алдан , Бірінші арна "Еуразия" телеарнасының продюсері

 

- Қайырлы кеш, Нағашбек мырза! Арналарыңыздың мерейлі мерекесі құтты болсын! Арна тарихына аз ғана шолу жасап кетсеңіз...

- Қайырлы кеш! Иә, рахмет! Биыл арнамыздың жасы 20-ға толып отыр. 1997 жылы алғашқы  қадамдары  жасалған  арнаның  бүгінде  қанаты қатайып, еліміздің үздік  арнасына  айналды. Айта  кету  керек 1-2 жыл емес, 20 жыл бойы  топты бастап, ең  үлкен аудитория  иесі  болу  үлкен жетістік. Бұл  әрбір қызметкердің  жеңісі. Бастапқыда, тек  ресейлік  бағдарламалар мен жаңалықтардың  ретрансляциясымен  шектелген ұжым, уақыт  өте  қарқынды түрде отандық  контенті көбейіп  келеді  және  ол  көрсеткіш  жылдан -жылға өсіп отыр. Бұл  жерде тек  отандық өнім мәселесі  емес, жалпы  ұлттық идеология да бар. Сондықтан  тектен-тек  сапасыз  өнім  ұсынып, көрермен назарын  жоғалтып алуға да болмайды. Әрбір жасалған дүниенің жоғары дәрежеде, «Бірінші арна» атына лайық болуы  қатаң  қадағаланады.

- Бірінші  арнаның  басқа  арналардан  басты  артықшылығы  неде  деп ойлайсыз?

- Ашықтық барлық қызметкерге теңдей жағдай жасалып, бірдей мүмкіндіктің ұсынылуы, өсемін,  жасаймын деген  адамға барлық инструменттің  берілуі. Сонымен қатар, әрдайым ішкі  қадрларды  өсіріп  отыру саясаты да көңілге қонымды. Соңғы  4 жыл  қызмет  барысында талай  дүниенің  куәгері болдық. Еліміз  бен  әлемде  сан-алуан  жағдайлар  болып жатыр. Соның барлығының тамырын 24 сағат, 365 күн ұстап отырып, саралап, халық назарына  объективті ақпарат  ұсынып  отыру  біздің  негізгі  мақсатымыз.

        Сол  себепті  кез-келген  ақпарат  жіті  тексеріліп, міндетті  түрде фактчекинг  жасалады. Тек содан  соң  эфирге  кетеді. Өйткені, рейтинг  үшін деп  жалған  немесе  толық  емес  ақпарат  беру  біздің  стильде  емес. Ол халықты  құр  дүрліктіру. Бәлкім  біздің  негізгі  айырмашылық та  осы  шығар. Одан бөлек, командамызда  журналистика  саласының  майталмандары жиналуы , әрдайым  мықты  идеялардың  іске  асуымен  жалғасып  отырады. Уақыт талабын  дер  кезінде сезініп, халық сұранысына  қарай  қызықты бағдарламаларды  ұсыну да біздің ерекше тұстарымыздың  бірі  дер  едім.

- Өзіңіз бұл арнаға қалай келдіңіз?

- Менің  әкем - журналист, нағашым -ақын-жазушы, көкем де –жазушы идеология  саласында , мемлекеттік басқаруда  ел мүддесі  үшін  көп  қызмет еткен. Алайда ,мен  теміржолшы  мамандығын  бітіргенмін. Журналистикада, тіпті телеарнада да  жұмыс жасаймын  деп  жоспарлаған  емеспін. Бұған дейін бизнесте, мемлекеттік  қызметте де, жеке  ортада  жұмыс істеп, азды-көпті  тәжірибе  жинадым. Ол  ,әрине, телеарнадағы  жұмысымда  жақсы  көмегін берді. Өйткені ,менің жан-жақты болуым нәтижелі жұмыс істеуіме әсерін береді. Ал нақты телеарнаға 2013 жылдың  желтоқсанында келгенмін. Арнаға білікті маман керек деп, «шустрый» жігіттерді іздеген ғой. Ол кезде Абу-Даби  Плаза енді салынып жатқан  кезі. Сонда көлік  департаментінің  қызметкері  едім. Әйтеуір, табиғатым жақын болды ма, бірден телеарнадағы жұмысқа  кірісіп  кеттім. Ұжымның да тату болуы, бір-біріне деген сый құрметі ерекше әсер етті. Сонда таң  қалғаным, алдын  министрлікте 1 хатты  2-3 күн  жазсақ, телеарнада 5-10 минуттың  ішінде хат жазылып, қол қойылып, әр түрлі салаға жауапты мекемелер, министрліктерге кетіп жатты.

Жаңа маусымда көрерменге ұсынар қандай қызықтарыңыз бар?

- Жаңалығымыз расымен көп. Жаңа бағдарламалардың  эфирге  шығуынан бөлек, көрермен көзайымына айналып  үлгерген  бағдарламалар да, ұдайы  жаңарып келеді. Биыл, алғаш шыққан өнімдердің  ішінде Нұртілеу Иманғалиұлы  ағамыздың  жүргізуімен «Заң сөйлесін» бағдарламасы бірден өзінің  лайықты  бағасы  мен  орнын  алды. Ал, әр сенбі 21:00 де көрерменмен  қауышатын «Басты бағдарлама» қоғамдағы  ең  өзекті  мәселелерді  бүкпесіз көтеріп, халық пен биліктің  арасындағы  алып  көпірге  айналып  келеді. Бүгінгі  таңда  жалпы арнадағы  өнімнің 46%-ы  отандық өнім, ал эфирдің 52%-ы қазақ тілінде. Бұл көрсетіш, бұйырса, жылдан-жылға тек өсіп отырмақ.

-  Продюсерлік қызметтің қызығы мен шыжығы?

- Бүкіл халықтың мұң-мұқтажын  құлағыңа құйып алып, кешке  үйіңе  ілесіп баратын жұмыс, 24 сағат Қазақстан мен әлемді аңдып отырасың. Қайда? Не? Қашан? Бәрін білуің керек. Эфирге шығаратын сарапшыларды іріктеп, оларды дайындайсың. Кейде, қазақша сөйлей  алмайтын  шенділерге  жынданып, өзің-ақ айтып бере салғың келеді. Телеарнаны  алып  атом  кемесіне  теңесек, «продюсер – қозғалтқыштың маңызды бөлігі» дер едім. Онсыз кеме қозғалмайды.

Оқырмандарға айтар тілегіңіз қандай?

- Көрермен деген кім? Ол менің ата-анам, қарындастарым, достарым, көршілерім, яғни  көрермен  менің  жақыным. Жақыныңа  не тілейсің?Әрине, ең күштісін, ең  көркемін тілейсің! Оларға әрдайым  жақсылық  болса  екен  дейсің.

Сондай  оймен  жасалған дүние сапасыз  болмайды, өтірік болмайды. Өйткені, сен  былайша айтқанда өзің үшін жасап жатқанмен тең. Әрине,оның шын бағасын күнде арнамызды  қарап  отырған  мыңдаған  отандастырмыздың еншісіне  қалдырғаным  жөн болар. Рахмет!