«ӘДЕБИ-САЗДЫ БАЛ» кеші

 

8 желтоқсан сағ. 20.00-де тұңғыш рет ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «ӘДЕБИ-САЗДЫ БАЛ» кешін өткізеді.

Әдеби салтанатты думанның басты мақсаты – жастарды мәдениет пен өнерге баулу, отбасылық-демографиялық саясатты нығайту, сонымен қатар мәдени жетістіктерді дамыту болып табылады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстанның мәдени және тарихи құндылықтарын насихаттап, мәдени-имидждік жобаларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

Алғашқы рет жаңа жыл мереке қарсаңына орай откізгелі отырған мерекелік кеште өткен ғасырдың кейіпкерлері мен ұлы даналарының бейнелері сахна төрінен орын алады.

Кеш барысында еліміздің танымал ақын-жазушылары, театр-кино майталмандары және Астана қаласының жарқын жұлдыздары қонақ болады.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов, Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының жетекшісі Мұхтар Манкеев, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Сексенбаев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, қазақстандық дәстүрлі ән өнерін насхаттаушы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауле Жанпейісова, танымал режиссер Бекболат Сапарұлы, Астана Опера әншісі Батыржан Смаков, қазақстандық танымал балет әртісі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Досжан Табылды сондай-ақ, Әкім Тарази, Ғарифолла Есім, Несіпбек Айтұлы, Сәуле Досжанова, Роза Мұқанова, Тұрсын Жұртбай және т.б. қатысады.

 


Мекен-жайы:

Астана қаласы,

Мәңгілік ел көшесі 10/1

«Қазақстан» Орталық концерт залы

 

ҚР ҰАК баспасөз қызметі :

Тел. 47 27 08, 8 778 917 51 56, Әсем эл.почта:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., ул.Достык 11

 

 

NB! Уважаемые журналисты, учитывая требования пропускного режима в здании при подаче заявки необходимо указать данные удостоверения личности, технических средств (видеокамеры, фотоаппараты).