Жаңа жыл Кеңес дәуірінде
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар? Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталинніңбұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.[1]
Жаңа жыл және Рождество
Рождество Христово мен жаңа жылдың шығуы туралы қысқаша мәліметтер берер болсақ: Бірінші ғасырда, яғни, Милади жыл санағы бойынша, христиан діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. «Үштік» (Троица), яғни Құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді уағыздайтын юдаизм. Язычниктер Құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін. Енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік. Вавилондық үштік – Ану, оның баласы Энлиль және Энки. Римдік үштік – Юпитер, Юнана және Минерва. Семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және бала. Бұлардан басқа индуистік – Брахма, Вишнужәне Шива. Парсылардың Ормузд, Митра, Ахриман және Египеттік Осирис, Исида және Гор немесе Эмпефт, Эйктион, Пта деп те аталады. Халдейлік Бел-Сатурн, Бел-Юпитер (сарапшы), Бел-Хом (Аполлон). Соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы Құдай деп аталады. Бұл үштіктердің барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. Әсіресе Буддалықтардың үштіктері сай келеді. Буддалықтардың үштіктерін айтып өткеніміздей Брахма, Вишну және Шивадан құралады. Брахманы әке деп атайды. Вишнуды пастырь және пророк деп көреді. Ал Шиваны иләһи руһ деп ойлайды. Бұл үштік «Тримутра» орыс тіліне тройца деп аударылады. Олар бұл үштік терең құпия деп түсінеді. Құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және түсінбейді дейді. Бұл құпия адамзат баласы әлемдік дух Брахматмамен қосылған кезде ғана біледі дейді. Бұл атап өткен үштіктеріміз Жерорта теңізінің жағалауында Христиан дінінен бұрын пайда болған. Барлығыда бұл үштікті құпия ретінде санайды. Христиан діні пайда болған кезде осы діни ағымдар өздерінің діни сенімдерін христиан дініне кіргізіп, оны да өздерінің қатарына қосып алған.
Сіздерге түсінікті болу үшін мысал келтірейін: Егер жас қозы қасқырлардың арасына түссе не болады? Міндетті түрде қасқырлар қозыны талан-таражға салып жеп қояды. Сол сияқты христиан діні де жас баладай дүниеге келген кезде оны басқа сол кездегі діни ағымдар жеп қойған және өздері жаңа дінге өзгерістер енгізген.
Жаңа жыл және Христиан діні
Иса а.с. Масихті христиан әлемі Құдай деп таниды. Сол сияқты Митра да парсы құдайы, Осирис Египет құдайы, Вакх грек құдайы, Кришна Үндістан құдайы, Будда буддизмнің негізін салушы оны да құдай деп есептейді. Заратустра Зарасторизмнің негізін салушы. Бұлардың барлығы да құдай деген атауға ие. Бұлардың туған күндерінде де ұқсастықтар бар. Барлығы сол желтоқсанның 25-де дүниеге келген екен. Рим империясында көпқұдайшылдар өздері жартылай құдай жартылай адам деп табынатын Митраның туған күнін (Рождествосын) сән-салтанатпен атап өтетін болған. Олардың жалған діні бойынша Митра 25 желтоқсан күні бір үнгірде жануарлар арасында туған. Тура осы сияқты славяндар да христиан дінін қабылдаудан бұрын көп жалған құдайларының біреуі болған Коляданың Рождествосын тойлаған (олардың Рождествода айтатын әндері бүгін де «колядки» деп аталады). Ел арасында кең тараған бұл мерекені ығыстырып тастау үшін ІҮ-ғасырда бұрын сол Митраның бас табынушысы болған, кейіннен христиан дінін жаңадан қабылдаған Византия империясының императоры Константин 25-желтоқсанды Иисустың (Иса а.с.) туған күні деп жариялаған. Оған дейін Исаға тиісті бұндай атаулы күнді ешкім білмеген де, тойламаған да. Көпқұдайшыл болған римдіктердің сенімі бойынша, егер адам өз үйіне лавр (үнемі жасыл болып өсетін ағаштың бір түрі) ағашын тігіп қойса, онда оның үйінен көктем кетпейді-мыс. Сондықтан да, олар сол ағашты өз үйлеріне әр қыс келген сайын тігіп қоятын болған. Герман тайпалары да солай істеген. Бірақ лаврдың орнына олар ель (шырша) ағашын пайдаланған. Көріп тұрғанымыздай, бұл да Исаға және оның Рождествосына қатысы жоқ.
Жаңа жыл мұсылман мемлекеттерінде
Мұсылман мелкеттері оның ішінде біршама араб мемлекеттерінде жаңа жыл тойланып жатады. Мысалы Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб Әмірлігі. Египет пен Ливанда жергілікті, тұрғылықта христиан арабтар бар. Осы себепті онда Рождество мен жаңа жыл тойланып жатады. Сирия туризмге ашық ел. Туризмді сылтауратын Батыстан көптеген христиандар, миссионерлер ағылып келіп жатады. Олар құр келмей әлгі жаңа жыл мен Рождестволарын арқалай келеді. Өз діндеріне кіргізу үшін ақшалай марапаттар жасайды. Бірақ жаңа жыл барлық араб елдерінде тойланбайды. Мысалы Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды тойлайтын болсаңыз жауапқа тартыласыз. Жаңа жылды тойлағандар қамауға алынып, жазаланады. Сөзімізді қорытындылап айтар болсақ: Жаңа жылды атап өту арқылы біз христиандарға ұқсап қаламыз. Құранда: «Олар (Мейірімді Аллаһтың құлдары) өтірікке айғақ болмайды…» деген аят бар (25:72). Бұл аяттың тәпсірі – басқа діндегілердің діни мерекелеріне қатыспау туралы айтылған.[3]
Ислам діні тұрғысынан
Бүгінгі адамдар: «Мерекелерде ешбір тыйым салынған нәрсе жоқ», немесе «Біз бұл мерекеге барғанда тыйым салынған барлық нәрседен тыйыламыз (арақ-шарап ішпейміз, тек қана дастарған жайып атап өтеміз)», – дейді. Пайғамбарымыз саллалаху алейхи уассалямның: «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі», – дегеніне сүйенсек, бұған қандай рұқсат болуы мүмкін? Немесе Алланың елшісі (с.а.с.) айтқан екен: «Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер» дейді.
Егер Аллаһ тиым салған нәрседен тиыла алсақ, міндетті түрде одан абзалын береді. Алланың елшісі (с.а.с): «Аллаһ оларды сендер үшін олардан да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды». Аллаһ тек қана шындықты айтады. Бүкіл жаратылыстың Раббысы осы екі күнді ең абзал күндер деп атаған. Аллаға және оның пайғамбарына иман келтірген адам бұны қабылдайды да , қалғандарын тастайды.