2017 жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 647,6 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 103,3 % құрады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сүйеніп.

Өңірде 352,4 мың тонна (тірі салмағы) мал мен құс союға жіберілген (2016 жылмен салыстырғанда 107,6 %), тиісінше сүт – 719 мың тонна (103,8), жұмыртқа – 1 081,8 млн. дана (101,3), жүн – 8,3 мың тонна (101,9 %).

Ірі қара мал 965,5 мың басқа жетсе (104,0%), қой-ешкі – 3 408,1 (102,3), жылқы – 295, 7 (103,4) және құс – 9 274,5 мың бас (103,8 %).

Ауыл шаруашылығы дақылдары жиын-терінінің қорытындысы бойынша 774,3 мың тонна дәнді дақылдар, дәндік жүгері – 521,9, күріш – 48,9, қант қызылшасы – 333,9, майлы дақылдар – 303,2, картоп – 723,2, көкөніс – 957, жеміс-жидектер – 105,1, жүзім – 21,8 мың тонна жиналған.

 


Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.