Елбасымыз, Партия төрағасы Н.Ә. Назарбаев елімізде бұқаралы спорттың дамуына ерекше назар аударып келеді. Еліміздегі аймағымыздағы заманауи үлгідегі спорт кешендері, спорт объектілерінің салынуы соның айғағы деуге болады. Жуырда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының «Олимп шыңын бағындыр» атты имидждік жобасы бастау алды. Жоба мақсаты елімізде қысқы спорт ойындарын дамытуға үлес қосу және Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстандық спорт саңлақтарына қолдау көрсету. Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні «Мұз айдыны» спорт кешенінде
"Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаеваны қолдау мақсатында «Олимп шыңын бағындыр» атты акция өткізілді! Акцияға арнайы қатысқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев акция қатысушыларына сәттілік спортта тек жеңістер тіледі! Әрі Сыр елінен Оңтүстік Кореядағы олимпиадаға мәнерлеп сырғанаудан қатысатын Элизабет Тұрсынбаеваның Қазақстанның абыройлы өнер көрсетуіне тілектестік білдіріп! И.Құттықожаев өз сөзінде «Киелі Сырдың топырағы қолдап Қорқыт баба жебеп, айбынымызды асқақтатып, көк туымызды желбіретуіне біз тілектеспіз!»-деді.