Атырау облысында «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшылары шартты қарулы қақтығыс жағдайында байланыс жүйесін орналастырды. Негізгі тапсырмалар байланысшылармен орындалды.

 Батыстағы байланыс әскерлерінің қолбасшылығы атап өткендей, жан-жақты дайындық байланыс бөлімшелері жеке құрамының іс-қимылдарын тексеруге жақсы мүмкіндік болып табылады. Оқу жаттығу жауынгерлік дайындықтың нағыз жағдайын және тапсырманың уақытылы орындау мерзімдерін көрсетті.

Байланысшылар дабылмен көтеріліп, белгіленген жауынгерлік аймаққа марш жасап және байланыс тораптарын орналастырды. Тәжірибелік жаттығулардың арқасында жеке құрам өздерінің білімдерін, қазіргі заманғы әскери техниканың заманауи үлгілерін қолдана отырып, байланыс және стационарлық тораптар арасындағы үйлестіру мен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету жайында ақпаратпен толықтарды.

Биылғы жазда қазақ әскерінің байланыс бөлімшелерінің қатарын толтырған жас офицерлер үшін аталмыш жаттығу маңызды емтихан болғанын атап өту керек. Олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының және Беларусь Республикасы Әскери академиясының түлектері. Арнайы оқудың қортындысы бойынша жас командирлер лейтенант Дархан Жасұланов пен лейтенант Әлібек Әлиасқаровтың басшылығындағы жеке құрам жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Әскери байланысшылар Қарулы Күштерді тұрақты және үздіксіз байланыспен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар әскери құралдарды пайдалануда жылдамдық пен заманауилық, тіпті әскери операцияның нәтижесі де оларға байланысты.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі