Банк қызметкерлерінің айтуынша, 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталған.

 Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау, тек қана ұлттық банк филиалдарында ғана жүргізіледі.

"2020 жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналымда жүру мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық банк филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Сондықтан да банкноттарды азаматтар еліміздің 17 қаласында орналасқан ұлттық банктің барлық аумақтық филиалдарында айырбастауына болады", – дейді қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Айта кетейік, 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталған болатын.

Ал ұлттық банк филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондары туралы ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

  Дереккөз : Sputnik Қазақстан