«Өткеннен сабақ алдық». Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус өршіген жаздағы ахуалда жіберген қателігін мойындады. Медицинадағы шенеуніктердің аурудан қорыққандары соншалық, қауіпті індеттің қайталанбауын жаратқаннан сұрап отыр.
 
Қазір елімізде коронавирусқа қатысты эпид-ахуал тұрақты. Егер вирус жұқтырғандар саны 7 есе өссе, яғни 30 мыңға жетсе, Қазақстанда қатаң карантинді қайта енгізіп, шекараларды жабуы мүмкін.
 
Ал әзірге сенбі-жексенбідегі шектеулер әлі де жалғаса бермек. Екінші толқынға тас-түйін дайын отырған салалық министрлік елде тұмауға қарсы вакцина науқанын 10-қыркүйектен бастап кетті.
 
 
Әншейінде қазан айында жүргізілетін вакцина науқанына биыл коронавирус қатты әсер еткен. Бір жағынан мамандар: «Қазақстанда таралған тұмау мен қауіпті індеттің белгілері бір-біріне ұқсас» - дейді. Тегін екпені қауіп тобына жататындар, жүкті әйелдер және медициналық қызметкерлер алады. Ал Covid-19 екпесінің бағасы 5000 теңгедей тұратын тұмауды жоятын препарттан қымбат болмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы осындай.

 Дереккөз : ktk.kz