Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде балалар ертеңгілігін өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.
 
"Ертеңгіліктер мен басқа да бұқаралық іс-шараларға келетін болсақ: олар мектептерде өткізілмейді. Бас санитаия дәрігерінің шешімі бар, біз бұл шешімдерге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар болмайды. Мерекелерді бір сынып ішінде өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады".
 
Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер «омикрон» штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігі туралы сұрады. Тілші сұрағына  жауап берген  А. Аймағанбетов :    «Қазіргі кезде бұл жайында айту ертерек. Біз Ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығару үшін мәліметтер жеткіліксіз болып тұр», - деді министр.