Бүгін ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгітін өткізу кезінде республикада COVID-19 коронавирустық инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелер бойынша отырыс өтті.
«Республикада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика және барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан.
Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР оң нәтижелі 300-ге дейін жағдайы және ПТР теріс нәтижелі 40-қа дейін жағдайы тіркеледі, науқастардың 99% сауығып кетті», - деп хабарлады отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитария дәрігері «Айжан Есмағамбетова.
«Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 3% өсті», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.
Осыған байланысты А.Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын жерлерде бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.
Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсімі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттану 20% өсті.
Республикадағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде А. Есмағамбетова мынадай қағидаларды ұстануды ұсынды:
1) халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану;
2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;
3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу;
4) сайлаушылармен кездесу өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.
Дереккөз: ҚазАқпарат