Бүгіннен бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіледі.
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақ рульді автокөліктер,-деп жазады el24.kz тілшісі,ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР -Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
-Криминалдық есепте болмауы керек;
-Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
-Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.
Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ -е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
-деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
-ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы. АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР
- Өтінім;
- Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
- Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.
Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. ҚАНША МЕМЛЕКЕТТІК АЛЫМДАР ТӨЛЕНЕДІ
-Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
-Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
-Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.
Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.