Алматыда қолайсыз күн райынан бір түнде 33 жол апаты болды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
«Бұл үндеу негізінен көлік басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол ережесін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз», — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.
Қалалық полициядан мәлім еткендей, 11 желтоқсан сағат 20:00–ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06:00 аралығында Алматы жолдарында 33 жол апаты тіркелді, төртеуінде жарақат алғандар бар-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына және қар жаууына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелерін көлік дөңгелектерін қысқысына ауыстыруды шақырамыз», — деді полиция өкілі.