el24.kz Маңғыстау облысының Шетпе ауылында ер адамның қаза табуына байланысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 42 жастағы азаматтың мәйіті өз үйінің аумағында орналасқан шаруашылық құрылыстардың бірінен табылған. Куәгерлердің айтуынша, марқұм бойдақ болған және ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген.
Оқиға орнынан атыс қаруы табылғаны хабарланды.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған жайт бойынша шақырту 20 қаңтар күні түскен. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиға орнында тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталған дерек бойынша суицид нұсқасы қарастырылуда. Қайтыс болу себебі мен өзге де мән-жайлар тергеу барысында анықталады.
