{jcomments on}25 қазан күні Жамбыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан мектеп құрылыстарына рейд ұйымдастырылды.
Қарғалы ауылында салынып жатқан мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аудандық партия филиалы жанынан құрылған тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Доғдыркүл Өмірқұлқызы мәлімдеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанындағы комиссия мүшелері, партиялық бақылау комиисиясының мүшелері және мекеме басшылары қатысуымен ұйымдастырылған рейд барысында біз аталған нысандардың белгіленген уақытта, яғни қараша айының соңына дейін тапсырып үлгеретінен көзіміз жетті. Бөлінген мемлекеттік қаражат мақсатты жұмсалып, нысандар белгіленген мерзімде тапсырылатына сенімдіміз» - деді өз сөзінде Жамбыл аудандық филиалының депутаттық фракция жанындағы комиссиясының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Доғдыркүл Өмірқұлқызы.
Жамбыл аудандық филиалының кеңесшісі Раушан Аманқұлова, өз кезегінде, комиссия мүшелері мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын өзге де объектілердің партияның қатаң бақылауда ұстап, қаржыны мақсатты игеру мен нысанды белгіленген мерзімде өткізуіне тексеріс жүргізетінін ерекше атап өтті.
«Тиімді инвестициялық және жобалық шешімдерді таңдау бойынша жұмысқа мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғамды, қоғамдық кеңестерді тарту да партиялықтардың жұмысына көп көмегін тигізеді», - дейді өз сөзінде Раушан Дәнеханқызы.
Анықтама үшін: Жалпы, ауданда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3 мектеп қолданысқа беріліп, 1 мектептің құрылысы қараша айында аяқталады. Мектептердің құрылыс жұмыстарына Ұлттық фондтан Қайназар мектебіне 1 260 902, 733 теңге, Ұзынағаш мектебіне 1 924 839 787 теңге, Ақсеңгір 1 355 174 775 теңге, Қарғалы мектебіне 1 591 305 151 теңге қаражат бөлінген.