Қазақстандық жүк жөнелтушілердің қажеттіліктері бұқара талқылауына ұсынылды
30 қазан күні «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалық етуімен қазақстандық жүк жөнелтушілерді жылжымалы құраммен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті
Кеңеске «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, «Kazlogistics» Қазақстанның тасымалдаушылар одағының бас директоры Қанат Алмағанбетов, «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалдау жұмысы бойынша атқарушы директоры Марат Шәкенов, «Қазақстан Темір Жол» ұлттық компаниясы» АҚ филиал директоры Оралхан Кулаков қатысты.
«Жүк жөнелтушілерді жылжымалы құраммен қамтамасыз ету кеңестің күн тәртібіндегі басты маңызды мәселеcі»,- деп кеңесті ашты Елдос Рамазанов.
«Қазақстан Темір Жол» ұлттық компаниясы» АҚ мен ҰКП арасында аталған мәселе талқыланып, бірлесе жағдайды реттеуге ат салысу керектіді назарға алынды.
«Апта бойы мәселелердің барлығы дерлік талқыланды. Тасымалдау барысында жалған операторлар жұмыс жасайтын компаниялар анықталды. Ұн комбинаттарында бұл жұмысты ашық жүргізу қажет еді. Көптеген адамдар осы жүйеге бейімделіп, делдалдық қызметке ауып кетті. Жабық жылжымалы құрамдар үстінен баға қосылуыда осыдан. «ҚТЖ» ұлттық компаниясы» АҚ шілде айынан бағаны өзгерткен емес»,- деді вагондардың жетіспеушілігіне алып келген мүмкін болатын себептерге тоқталып «ҚТЖ» ұлттық компаниясы» АҚ филиал директоры Оралхан Кулаков.
Осы тұста Орлахан Кулаков жабық вагондарды жалға алу мен тікелей келісімдер арқылы жұмыс атқарылу ұсынысын алға тартты.
Қатысушылар өз тараптарынан ой бөлісіп, талқылауға белсенді қатысу нәтижесінде Қостанай облысының кәсіпкері вагондардың жетіспеушілігіне байланысты орныққан жағдайға алаңдаушылығын білдірді.
«Жоспарлы көрсеткіштерге сүйенсек, қазан айында 634 жүк тиеу өтініші түсіп, тек 92 вагон берілді. Астық тасымалдауға 528 вагон қажет болса, толық берілмеген жабық вагондар саны - 915. Вагон жетіспеушілігінен ұн комбинаттары өнеркәсіп жұмысын тоқтатуда. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші астыққа сұраныстың жоқтығынан бағаны түсіруге мәжбүр. Өзбекстан бағытындағы тарифтар жоғарылады. ҚТЖ өкілдерімен келіссөздер арқылы мәселені шешуге мүмкіндік бар. Бизнестің, жедел басқару станцияларының қатысуымен жұмыс топтарын құрып, жекеменшік вагондарды тарту қажет. Вагондармен қамту мен үлестіру бойынша жұмыс ашық ақпаратандыру негізінде жүргізілгені дұрыс», - деді Қостанай облысы ӨКП директоры Мұрат Әбенов.
Ақмола облысы ӨКП директоры Қайрат Сұлтанов өңірлік кәсіпкерлер атынан мәселеге байланысты сөз сөйледі.
«Атбасарда өткен жиында ресейліктердің барлық вагондарды сатып алғандығы жайында мәселе қозғалып, шындығында вагондар тек жалға берілгендігі анықталды. Сол себепті ақпараттандыру өте маңызды. Қарама қайшылықтар бар жүйелі мәселелер өте көп»,- деді Қайрат Сұлтанов.
Атбасардың кәсіпкері «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ тарапынан вагондарды құру жоспары (ГУ-12) бойынша жұмыстың орындалмауына байланысты айыппұл бекітуге шағымданды. Жоспардың орындалмауы вагондарды уақытылы бермеуге немесе бекітілген 10 күн уақыттың бітуіне бірнеше сағат қалғанда вагондармен қамтуына байланысты болды.
Оралхан Кулаков темір жол бойынша жұмыс нормативті құжаттар арқылы жүзеге асатындығын мәлімдеді.
«Мәселен, көлік туралы заң, жүк тасымал заңы. Жүк жөнелтуші келісімге қол қояды да, сол арқылы онкүндік сынды шарттармен келіседі. Азаматтық қоғам болғандықтан жекелеген келісімдер жасай аламыз. Бұл жұмысты түсіндіруге дайынбыз. 2012 жылдан бері барлық мәселелерді шешуде «Шарттық және коммерциялық» Басқарудың автоматтық жүйесі жұмыс істейді.Сыбайлас жемқорлық мәселесі қолға алынды»,- деді «Қазақстан Темір Жол» ұлттық компаниясы» АҚ филиал директоры.
Қостанай облысы мен «Қазторгтранс» АҚ экспортқа вагондардың жетіспеу жайында мәселе қозғады.
«Қазіргі таңда үлкен көлемде келісімдеріміз бар. Алайда оларды жүзеге асыру үшін өнеркәсіпті ұлғайту қажет. Вагондар толық қамдылатындығында кепілдік бар ма?»,- деп сұрақ қойды қостанайлық кәсіпкер.
Оралхан Кулаков отырыс барысында контейнерлік тасымалдауды түзетудің қажеттілігіне тоқталды.
«Ұнды контейнерлермен тасымалдайтын болсақ, жеткізу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік ашылады. Интермодальды тасымалдауды біріктіруге болады. Сұранысқа ие Өзбекстан мен Ауғанстанға жабық вагондарда астықты жеткізіледі. Қытай нарығын да бақылауда ұстау қажет»,- деп жауап берді Оралхан Кулаков.
Елдос Рамазановтың айтуынша осыған дейін қайта реттеу байланысты кеңес өткізілді.
«ҚТЖ өкілдеріңіз қатысуымен контейнерлерді қайта реттеуін көшуге байланысты тағы да кеңес өткізуге дайынбыз. Бизнес бұл мәселеде жауапкершілікті алуға дайын болса»,- деп жауап қайтарды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.
Петропавлдың Тимирязев ет комбинатын вагондармен қамту көрсеткіштері төмендегендігі байқалды.
«Қалай жұмыс жасаймыз? Жұмыс жасауға жағдай қалай жасаймыз? 25 жыл темір жол саласында қызмет етемін. Соңғы 3-4 жылда жағдай нашарлап жатырғандығы бірден байқалады. Қарапайым вагондар 2500 км. жолды жүріп, 60 км. қалғанда тоқтап 3 тәулік тұрады. Тепловоздар жоқ деген сылтау айтады. Әрбір ҚТЖ қызметкеріне анкета жасап, бақылауға алған вагондары қалай жылжып жатырғандығын реттеп отыру қажет»,- дейді Петропавлдың кәсіпкері.
«ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалдау жұмысы бойынша атқарушы директоры Марат Шайкенов сұраққа жауап берді.
«Жергілікті жерлерде аталған мәселе бөлім басшыларының бақылауында. Бос 33 локомотив дайын тұр. Қостанай, Ақмола облыстарында диспетчерлік локомотовтер берілді»,- деді Марат Шәкенов.
«Kazlogistics» Қазақстанның тасымалдаушылар одағының бас директоры Қанат Алмағанбетов қазан-қараша айлары шешуші рөл атқаратындығын байқап өттіп, осы жылы да көрсеткіштер соны баяндайтындығын айтты.
«Темір жол штабты бекітіп, Қазақстан бойынша селекторлы жиналыстар ұйымдастыру арқылы мәселелер бойынша нақты ұсыныс-шешім енгізілуі тиіс. Даулы жағдайды болдырмау мақсатында облыс әкімдері мен астық өндірушілер қанша вагон қажеттігін алдын ала келіп алуы қажет. ӨКП мойынына ауыр жұмыс ілініп тұр. Әрине, жүк жөнелтушілерге де, темір жолшыларға да оңай емес. Бір жағынан, тұтынушы таңдау құқығын иеленіп, өз кезегінде жағдайларын айтуда. Баға ауытқушылығы болмауы тиіс. Қазіргі жағдай уақытша орнағандығы және реттеуге келетіндігі түсінікті»,- деп есептейді Қанат Алмағанбетов.
«Қазақстанның астық өңдеушілер мен наубайшылар одағы» Заңды тұлғалар бірлестік өкілі Евгений Ган қыркүйек-желтоқсан аралығында жаппай ұн мен астық тасымалы басталатын уақыт екендігін қаласақ та, қаламасақ та өзгерте алмайтындығымызды айтты.
«Дәл осы жағдай тек осы жылы орнықты деу қате. Егін өткен жылдан көп емес. Тасымалдау мен тұтынушылар көрсеткіші де аса өзгерген емес. Менің ойымша, бірде бір астық өндіруші ҚТЖ-ның құрылымын қайта құруға қатысқан жоқ. Жүк жөнелтушілердің делдалдарға жүгінуі жақсы жағдайдан еместігі белгілі. Мұның барлығы жүк жөнелтушілердің қажеттілігін қанағаттандыратындай кепілдіктің болмауынан»,- деді Евгений Ган.
Евгений Ган пікіріне сүйенсек жалпы жүйенің ашықтығы жоғалғандығы байқалады.
«Біз қарым-қатынасты жоғалттық. Қазіргі таңдағы басты өзекті мәселе – тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілер жеке дара жұмыс жүргізеді. Бірлесе қызмет етудің орнына, бірін бірі айыптап, кінә артады. Осы демалыстарда жасаған жұмысымыз соңғы 3-4 жылда жасаған жалпы жұмыстан асып түсті. Жыл бойы тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілерге арналған штаб қажет,жергілікті жерлерде жұмыс жасау үшін жұмыс топтары қажет. Егер басқа да қызмет көрсету өкілдері келіссе, демалыс күндері тасымалдауларды жүзеге асыруға дайындығымызды айтқан болатынбыз. Араға 10 күндей салып, бүгін шешілген мәселелер қалай жүзеге асып жатырғандығын талқыға салсақ керемет болар еді», - деп ұсыныс айтты Евгений Ган.
«Алдын ала келісімге негізделіп, ҚТЖ мен «Атамекен» ҚР ҰКП арасында Келісім жасалуы тиіс, сонымен қатар, аудандарда «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ филиалдары, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлері, Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері мен ауыл шаруашылығының облыстық басқармалары бақылауымен шұғыл штаб құрып, жұмыс топтарын іске қосу қажет»,- деді сөз соңында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.