Бүгін Жезқазған қаласында Социалистік Республикалар Одағының, Орта Азия мен Қазақстанның тұнғыш академигі, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сатпаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада басталды.
 
     Олимпиадағы еліміздің барлық өңірінен 17 команда келді.
 
      Қарағанды облысы оқушылар арасында түрлі білім додаларын өткізуді игі дәстүрге айналдырып келеді. Қарағанды аймағы білім мен ғылымның дамуына үлкен мән беріліп отырған аймақтардың бірі.
 
      Олимпиаданың ашылу рәсімінде Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Иманғалиев Есенғазы Нұртолеуұлына және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Қирабаева Шолпан Акашқызы мен Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Аxметов құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі.
 
       Олимпиаданың мақсаты – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  ғылыми бағыттағы химия пәнінен дарынды оқушылардың белсенділігін арттыру.