Бүгін облыстық кітапхананың «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімінің шығармашылық тобы қазіргі таңдағы өзекті тақырып латын әліпбиіне көшу бойынша танымдық-интеллектуалдық сағатты Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі мен Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде өткізді.
Студенттерге алфавиттің соңғы бекітілген нұсқасы таныстырылып, қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіруінің маңыздылығы айтылды. Жастардың ойынша латын әліпбиіне көшу қиындықты туғызбайды, керісінше жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Студенттер өз тараптарынан сұрақтарын қойды, пікірлерін білдірді. Жүргізушілер арнайы дайындаған слайд арқылы латын графикасының тарихы, альфавиттің бірнеше нұсқаларын көрсетіп, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген альфавиттің соңғы нұсқасы бойынша әріптерді жазуды үйреттік. Жастар ерекше ынтамен қарап, өз аттарын, туған жерлерінің аттарын жазып көрді. Колледж ұжымдары кітапханаға осындай мазмұнды іс-шараға алғыстарын білдірді. Кітапхана алдағы уақытта латын әліпбиіне көшу бойынша іс-шараларды өткізуді жалғастыратын болады.
Қатысушылар саны-80.