Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директорының орынбасары Мерген Тоқсанбай мен кітапхананың автоматизация бөлімінің сектор меңгерушісі Абылайхан Жүсіпов, статистиика және бақылау бөлімінің сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы Асия Майер Астана қаласындағы Қазақстан Респубикасының Ұлттық академиялық кітапханаға тәжірибе алмасу мақсатында іссапарға барып келді.
Ұлттық академиялық кітапханада болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды көзімен көріп, жақсы әсер алып қайтты. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында 2025 жылы мемлекетіміз кирил графикасынан латын графикасын көшу керектігі айтылған. Осы орайда Ұлттық академиялық кітапхананың атқарып жатқан шараларын, латын әліпбиіне арналып жаңадан ашылған оқу залы мен кітап көрмелерін көріп, латын әліпбиін түсіндіру және талқылауға арналған ақпараттық сағатқа қатысты.
Ұлттық академиялық кітапхананың әр бөлімін, әр оқу залын аралап, ол жердегі сирек кітаптар мен қолжазбаларды, сыйға тартылған эксклюзивтік кітаптарды, белгілі авторлардың жеке кітапханалары мен күнделікті тұрмыста қолданған заттарымен танысты.
Алдағы уақытта әр бөлім туралы ақпаратты жеке-жеке толықтырып жазатын боламыз.