Заңға бағынатын бизнес-қоғамдастық өкілдері кеден мәселесінен зардап шегіп отыр
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Әмриннің айтуынша, Қырғызстан шекарасындағы мәселе кеден, салық, фитосанитария, көлік заңнамасы бұзылған тауар көлемінің артуынан туындаған.
Бұл деректі Еуразиялық экономикалық комиссияның арнайы мониторингі де де растады деп хабарлады Ғ.Әмрин.
«Егер бірлескен жұмыс жүзеге аспаса, онда Қазақстан бір жақты тәртіпте бақылау шараларын жүргізуге тура келеді. Қырғызстан үкіметі делегациясының соңғы келгенінде біз ұсыныс берген едік. Алдымен, тауар бағасы Қырғызстанда да, Қазақстанда да бір бағада болуы үшін бірыңғай құн индикаторын бекітуді ұсындық. Ол бойынша бірдей кеден салығын төлеуге болар еді», - деді Ғұсман Әмрин.
Алайда комитет төрағасының орынбасары түсіндіргендей, қырғыз тарапы өз заңнамалары бойынша Қазақстанның кеден қызметі олардың бекеттеріне кіре алмайды деп жауап берді. Қазақстан ақпарат алмасу ұсынысын берген, деп жазады vlast.kz
«Біз бір ғана шешу жолы – бірлесіп жұмыс істеу екенін түсіндіруге тырысып отырмыз. Бұл кез келген жалғандықты жойып, ашықтықты арттырады. Егер олар бас тартып, бізге ақпарат бермей, бірге жұмыс істемесе, біз заңнама бұзылған тауарлар ағымына жол бермес үшін өз бақылауымызды күшейтеміз», - деп атап өтті Ғұсман Әмрин.
Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры/департамент директоры Дина Мамашева Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қырғызстанның кеден қызметінің әлсіз кедегендік әкімшіліктендіруден Қырғызстанға ЕАЭО елдерінен келетін, кеден тазалауынан өтетін импорттың тауарлар ағымының көбеюіне қатысты айтылған қауіптілік пікірін қолдайтынын атап өтті.
«Орын алған жағдай жосықсыз бәсеге жол береді, бұдан Қазақстанның заңға бағынатын бизнес-қоғамдастығы зардап шегіп отыр. ЕАОЭ қызметі талабында қателік, оның негізгі қағидасы – тауардың бірыңғай нарығын қалыптастыру және одақ аумағында еркін айналым», - деп есептейді Дина Мамашева.
Мұнымен қоса, «Атамекен» атап өткендей, қосымша бақылау қазақстандық кәсіпкерлеріне бақылауды күшейтуге бағытталмай, екі елдің кеден органдарының ақпараттық алмасу бөлігіндегі бірлесіп жұмыс істеуін қалыптастыруға арналу керек.
Осыған байланысты, бұл мәселеге ең алдымен Қазақстан кәсіпкерлері тұтқынға айналатынын ескеріп, Ұлттық палата екі тарапты да Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық алаңы аясында бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
Еске салсақ: Қазақстанның салалық қауымдастықтары алаңдаушылық танытып отыр. Олардың пікірінше, көрші елдің наразылығын түсінуге болады: Қырғызстан Қазақстанның шикізаты мен макулатураға мұқтаж.
Салалық қауымдастықтардың өкілдері «Атамекен» ҰКП Қазақстанның целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі үшін стратегиялық маңызды шикізатты шығаруға шектеу қоюға қатысты ұсыныс беруді сұрап отыр. Кәсіпкерлер ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыланып, қолдау табады деген үмітте.