Жыланның етінен сорпа ішкізіп, қамшымен ұрып, балтамен соққылап “артық қыламын деп тыртық қылған” емшілердің кесірінен көбейіп кеткен оқиғалар жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Подробности
- Категория: Сырласу
Жұртты ойлануға шақыратын кезекті бір хикая әлеуметтік желіні шарлап кетті. Онда бір күйеуі бар келіншек өзінің басынан өткен махаббат (әлде тек нәпсіқұмарлық) хикаясын баяндапты. Содан кейін ұлды болған әйел енді оның кімнен екенін білмей дал.
Полицей 27 жастағы қызды таксиден түсіріп, көлігінде зорлаған
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
5 полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, екеуі қамауда отыр.
Түркияның Стамбул қаласында 27 жастағы өзбекстандық қызды зорлаған полицей 46 жылға сотталуы мүмкін. Екі жол сақшысы таксиді тоқтатып, ішінде жолаушы болып отырған 27 жастағы Өзбекстан азаматын шығарып алған.
Полицейлер жас қызды қызметтік көлігіне отырғызып, 4 сағат бойы ұстаған. Біреуі көліктің ішінде қызды зорлайды. Оған қоса 1.400 түрік лирасын тартып алып, Жеті мұнара ауданына апарып тастаған. Қыз қос полицейдің үстінен шағымдану үшін Ақсарай Шехит Ведат Улусой полицей бөлімшесіне келеді. Сол жерде полиция қызметкерімен жолығып, мән-жайды баяндайды.
ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ҚЫЗЫЛ ОТЫ ЖАРҒА ЖЫҚҚАН КЕЛІНШЕК (4- бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
Хикая
Көп өтпей-ақ Әлияның үйіне тағы бір топ құда болып келді. Айжанды да теңі табылып тұрған да ұстап отыруды жөн көрмеді. Құдаларын шығарып салып үйге кіргенде Қанат сол жақ кеуде тұсын ұстай отыра кетті. Әлия да, Айжан да не істерлерін білмей әбіржіп қалды.
Әлия іштей түсінді. Әке жүрегі екі қызынан да айырылуға шыдас бермей жатыр. Әлияның да жүрегі ауырып жүр. «Әйел қырық жанды» деп тегін айтпаса керек. Сездірмей жүр. Оңашада қыздарын ойлап жылап-жылап алатынын кімге айтады. Жылап-жылап алып «орындарын тапқанына шүкір» деп Аллаға ризашылық білдіріп қоятынына не дерсің тағы.
–Әлия,-деді Қанат оңашада сол жақ кеудесінен әлі де қолын алмай. – Екеуін де ұшырып жіберіп жаман болып қалайын деп тұрмыз.
Қыста суға түсетін адамдардың ағзасында қандай өзгеріс болады – дәрігерден кеңес
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Суық судың адам денсаулығына пайдасы зор болғанымен, дертке дауа бола алмайды екен.
"Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде" деп дана халқымыз текке айтпаған. Адамның ең басты байлығы – денсаулығы, сондықтан күйбең тіршіліктің қамын күйттей бермей, күніне бір мезгіл спортпен шұғылданған абзал. Тән саулығын ойлаған кейбір жандар қыстың қытымыр аязына қарамастан, мұздай суға күмп етіп, денесін шынықтырып жатады. Қыста суға шомылудың пайдасы мен зияны туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Астана қалалық №10 емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Сүлейменова кеңінен тарқатып айтып берді.
Тараздық әйел жарымен 17 жыл отасқан еркекті етеккірмен дуалап, есеңгіретіп тастаған
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Жынын шығарамын деп жанын шығарды. Алматы облысында осыдан бірнеше күн бұрын 28 жастағы апталдай азамат құсбегі қолынан қаза тапты. Дерті дендеп, өмірінің мәнін жоғалтқан жігіт дене жарақатынан көз жұмған. Бұл осы жылы бақсылардың былыққа толы әрекеттерінен болған өлім-жітімнің бірі ғана.
ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ҚЫЗЫЛ ОТЫ ЖАРҒА ЖЫҚҚАН КЕЛІНШЕК(3- бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Хикая )
Кешкісін Алтайды көрді. Кешегідей емес салқындау амандасты. Күндегідей емес, бөлмелеріне бірнеше күн келмей жүрді.
Осылай жүргенде күз де бітіп, желтоқсан басталды. Студенттің бәрі жаңа жылға дайындалып жатты.
Қыстың күні қысқа болғасын ба уақыт тез өтеді екен. Жатақханада жаңа жылға би кешін ұйымдастырып жатты. Би кешіне бәрінен бұрын Гүлжан қатты дайындалды. Анасына жылап жүріп арнайы көйлек алдырды.
– Айжан сен не аласың? – деп сұрады Әлия қызынан көңілі қалмасын деп.
Әйел телефонының паролін бермегені үшін күйеуін тірідей өртеп жіберді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Ерзі-зайыпты арасында ұялы телефонның паролі үшін жанжал туындап, арты қайғылы аяқталды.
«Күнкөріс үшін…». Ажырасқан қазақ әйелі қытай бастығымен көңілдес болып жүр
- Подробности
- Категория: Сырласу
Соңғы жылдары қазақ қыздарының жаман ғадеттері туралы баспасөз қала берді, әлеуметтік желілерде де жиі жазылып, талқыға салына бастады. Бір сөзбен айтқанда, қаракөз қандастарымыздың тәрбиесіздігі, ішімдікке салынуы, темекі шегуі, жеңіл жүріске бой алдыруы т.б.
Әсіресе қарындастарымыздың шетелдіктермен қыдыруы, тұрмысқа шығуы әлеуметтік желілердің басты тақырыбына айналды.
Сұлулық сырлары: 40 жаста он сегіздегі қыздай құлпыру үшін не істеу керек?
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ҚЫЗЫЛ ОТЫ ЖАРҒА ЖЫҚҚАН КЕЛІНШЕК(2- бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
Танысқан күннен бастап Алтайды сырттай иемденіп алған Гүлжан енді оны маңайындағы мың қыздан қызғанайын деді. Есіл дерті оқу емес, Алтай. Оны бірге оқитын курстастарынан да, құрбыларынан да қызғанады. Сабақ жайына қалды.
Сабақ үстінде де Алтайда ойлап отырады. Қоңырау соғыла сала есікке жүгіреді. Қыз-жігіттердің ішінен Алтайды іздейді. Оны көрсе жүрегі өрікпіп, қуанышы алаулап кетеді. Ал егер Алтайдың әлдебір қызбен сөйлескенін, не бірге тұрғанын көрсе жүзі сұрланып шыға келеді.
Алтай да Айжан мен Гүлжанға іш тартып, қарындастарындай қамқорлық көрсетеді. Содан ба үлкен курстың жігіттері бұларды қатты сыйлайды.
Енді Қазақстанда пойыз билетін қайтарған кезде айыппұл салынбайды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алайда бағасы 3500 теңгеден асатын билеттер үшін комиссиялық алым сол күйі қалады.
15 қаңтар, яғни ертеңнен бастап Қазақстанда құны 3500 теңгеге дейінгі пойыз билетін қайтарғаны үшін 1000 теңге мөлшерінде айыппұл салынбайды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ халықтың өтінішімен осындай жаңашылдық енгізіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ ҚЫЗЫЛ ОТЫ ЖАРҒА ЖЫҚҚАН КЕЛІНШЕК (1- бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
(хикая)
Рүстемқызы Бақтыгүл Ауданова (Bakti Audan) журналист, жазушы, Әлем Халықтары Жазушылары Одағының мүшесі.
Қаламгер 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген.
Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілші, тәуелсіз «Шартарап-Шарайна» газетінде жауапты хатшы, редактордың орынбасары, республикалық «Барыс» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті.
Ақын Әлібек Мейірбеков атындағы медальмен марапатталған.
Шығармалары «Ақ шағала жырлар» ақын-жазушылар топтамасына енген. «Пейіштің самалы» атты кітаптің авторы.
Әйелім бар, бірақ басқа қызды сүйемін
- Подробности
- Категория: Сырласу
Соңғы кезде менің өмірімде шытырман оқиғалар тым жиілеп кетті. Бір себептерге байланысты жұмыстан шығып кетіп, әйелімнің туыстарының арқасында тағы бір жұмысқа орналастым. Онда жүргізуші болып қызмет етіп жүріп, ойламаған жерден сонда жұмыс істейтін бір қызға ессіз ғашық болдым. Сезім шіркінді тежеп тастау өте қиын екен, не істерімді білмей басым қатып кетті. Мұндай жағдайдан қалай шығу керек, қандай ақыл-кеңес айтасыздар? Осыны білу үшін «Алаш айнасына» іштегі жан сырымды ақтарғым келді.
Мен Қарағанды облысының шағын қалаларының бірінде тұрамын. Үйленгенмін, бір ұл, бір қызым бар. Әйеліміз екеуміз сүйіп қосылдық, жеке отау құрып, үйлі болдық. Басшылықпен түсінісе алмай жап-жақсы істеп жүрген жұмысымнан бір күнде айрылып қалдым.
Полициядан қашқан 4 адам жол апатынан мерт болды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Италияның оңтүстігінде Казерта провинциясында жол-көлік оқиғасы болды.
Страница 164 из 238
Соңғы жаңалықтар
- Зейнетақы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдалану уақытша тоқтатылды
- Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды
- Ыстамбұлда экономикалық жағдайға байланысты наразылық өтті
- 2025 жылғы қыркүйектегі Ай тұтылуы: ғалымдар не дейді?
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Кейбір сауда орындарында никап, паранжа кигендерге кіруге тиым салынды
- Лудомания қасіреті: құмар ойынан қанша қазақстандық жапа шегуде?
- Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы: түсірілімдер Ақтауда өтеді
- Махаббаттағы үндемес шындықтар
- Қылыш балық – табиғат апатының хабаршысы ма?
- Алматы әуежайында өзін өртемек болған ер адамның жағдайы белгілі болды
- 8-қыркүйекте Президент Қазақстан халқына жолдау жасайды
- Адамның биоөрісі: көзге көрінбейтін энергия қабаты
- Шерзат Болат ісі бойынша аппеляциялық сот өтті. Сот шешімі өзгеріссіз қалды
- Адамның 7 қуат көзі (чакралары): әрқайсысының маңызы мен ағзаға әсері
- Бағира – Шер…
- Астанада астыртын вейб саудасын қыздырған бес қойма анықталды
- 1 қыркүйектен бастап айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыс енгізіледі
- Президент ЖИ дамыту бойынша шенеуніктерге екі ай уақыт берді
- Киелі жерге барғанда тілегің орындала ма?
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru