Бір күні келіншегім қатты ауырды. Температура жоқ, жөтел-мөтел де жоқ. Бірақ, басын көтере алмайды. Қарт кісідей қалжырап қалған.

Жедел-жәрдем шақырдық. Ондағы дәрігерлер мардымды ештеңе айта алмады. “Басылатын шығар” деп басу айтып кетті. Қайдағы, олар кеткен соң, келіншегімнің халі одан бетер мүшкілдеп кетті. Кешке дейін “ах, ух” күй кешті. Бір уақытта маған дүкенге барып белайн нөміріне “единица” салып келші деп өтініш қылды.

Тапсырмасын тап-тұйнақтай етіп орындап, үйге келсем, келіншегім мәз-мәйрам болып төркінімен сөйлесіп отыр. Ауырған адамға тіпті ұқсамайды. Осылайша, “единица” да емге жарады. Бұлай болады деп кім ойлаған?!

Ерлібай Өзбекбайұлы,

Facebook-тегі парақшасынан