Журналист, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы,жас қаламгер   Салтанат Абылбекова

 

Армысыз, Салтанат əпке! Фейсбук желісінің белсенді қолданушысысыз. Фейсбук өлкесіне қашан келдіңіз?

- Фейсбук желісіне 2014жылы келгенмін. Ол кезде үшінші сәбиім дүниеге келген. Жұмыс істеп үйреніп қалғасын шығар, үйде баламен отыру қиынға соққаны рас. Сәбиімді тербетіп отырып осында көптеген жазбаларымды салып, достармен пікір алмасып отырдым. Достарым да көбейді

 - Фейсбуктің үш пайдасы мен зиянын атап өте аласыз ба?

"Бизнес Бастаудың" Ақтаудағы ресми өкілі, жас кəсіпкер, IT маманы, инстаграмның белсенді қолданушысы

- Өзіңізді таныстыра кетсеңіз....

Саламтсыздар ма,

- Мен, Изанов Асылбек IT технология маманы, қазіргі таңда үйренуші кәсіпкермін. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде бірнеше жобаларды қолға алып жатырмын. Инстаграм, faсebook, ВК әлеуметтік желілерді тиімді қолдануды және кәсіпкерлерге осы саладан қызмет көрсетумен айналысамын. «Бизнес бастау» жобасының Ақтау қаласы бойынша ресми өкілімін.

Жанна Тулендиева

Заңгер,сот саласының қызметкері,Ақпарат Орталығы қызметкері  

-Есіміздің мағынасын білесіз бе?

- Жанна батылдықты, немесе тәуелсіздікті меңзейді. Жұлдызнама бойынша сарышаян болғандықтан ба, әлде табиғатым ба, мистикалық дүниеге, өмірде орын алып жатқан оқиғаларды себеп-салдарсыз  ойламаймын. Зерттеп, ізденіп, есімге қатты мән берем. Бауырым өз қалауымен тұңғыш қызына «Фатима» деп ат қойды. Бұған дейін, ұдайы отбасымен түгел ақылдасып отыратын бауырым, есімді өзі таңдағанына ренжіген жоқпыз. Бірақ мағынасына қарадық. Фатима деген есімнің мағынасына көз жүгіртсек, «сүт ембеген» деген мағына береді екен. Расында сол балапанымыз босанғаннан кейін сүт ембеді. Тек арнайы қосымша ұнтақ арқылы тамақтандырдық. Содан бері бұл жайлы ойланатын болды...

«Қалаулым» тележобасының қатысушысы

- Замира ханым, көрермен мен оқырман білмейтін қырларыңыз бар ма?

Білмеймін жоқ деп ойлаймын,шынымды айтсам әлде... бар ма?

"Қалаулым" жобасы сізге не берді?

- «Қалаулым» жобасы  маған батылдық берді десем болады.Өйткені  бұрын ажырасқанымды айтуға қорқатын едім.Енді ажырасқанымды,мен туралы көп нәрсені, бүкіл ел біледі.Сондықтан да «Қалаулым» батылдық берді деп айта аламын.

Нағима Барақ   

 

- Апа, əлеуметтік желіге қалай келдіңіз жəне қандай əлеуметтік желілерді қолданасыз?

      Әлеуметтік желіге біреудің сілтеуімен, не болмаса нұсқауымен келдім деп айта алмаймын. Газет-журнал оқып жүріп, интернет жаңалықтарын қарап жүріп әлеуметтік желінің бар екенін естіп, біліп жүрдім. Кейіннен өзім кіре бастадым, алғашқысы "Мой мир" болды)) 2013-тен бастап ВК, твиттер желілеріне кіріп әлемнің неше түрлі жаңалықтарымен таныса бастадым. 2014-ші жылдан бастап фейсбук, инстаграм желісіне кірдім. Маған фейсбук ұнайды, мұнда көптеген достар тауып, қазір шыға алмай жүрген жайым бар
   - Алғаш əлеуметтік желілерді қолдана бастаған кездегі қызықтарыңыз бар ма?