Елдегі жемқорлықпен күрес ҰҚК қарамағына өтті
el24.kz Қазақстанда Антикоррупциялық агенттік таратылады. Оның қызметін енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамындағы арнайы бөлім атқарады.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 30 маусымдағы жарлығында ресми түрде жарияланды. Құжатқа сәйкес, бұған дейін жемқорлықпен күреске тікелей жауапты болған Антикоррупциялық агенттік таратылып, оның функциялары ҰҚК құрамындағы Антикоррупциялық қызметке беріледі.
Сонымен қатар, агенттіктің бірқатар міндеттері — антикоррупциялық саясатты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен ашықтықты дамыту — Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өтеді.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын тиімді үйлестіруге, сондай-ақ қауіпсіздік органдарының жұмысын күшейтуге бағытталған.
Айта кетейік, Антикор 2019 жылдан бері Президентке тікелей бағынатын тәуелсіз орган ретінде жұмыс істеп келді. Енді бұл құрылым ҰҚК құрамында жұмысын жалғастырады.


Қыркүйектен бастап мобильді аударымдар қатаң тексеріледі: жаңа ереже күшіне енеді
el24.kz Қазақстанда 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа салықтық бақылау ережелері күшіне енеді.
Бұл өзгерістер көлеңкелі экономикамен күресуді және тіркелмеген кәсіпкерлікті анықтауды мақсат етеді.
Қаржы министрлігінің ресми мәліметінше, жаңа талаптар жеке тұлғалардың атына келіп түсетін жүйелі мобильді аударымдарды сараптауға мүмкіндік береді. Егер белгілі бір шектерден асса, салық органдары кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қарап, тексеру жүргізе алады.
Қандай жағдайда тексеріледі?
Жаңа ережеге сәйкес, егер бір адамға қатысты келесі екі шарт орындалса:
- Бір ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан мобильді аударым келіп түссе;
- Үш ай қатарынан аударымдардың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (МЗП) асып кетсе
(2025 жылғы есеппен бұл шамамен 1 020 000 теңге),
онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қаралып, салық органдары бақылауына алынады.
Кімдерге қатысты емес?
Қаржы министрлігі бұл талаптар:
- Жалақы, зейнетақы, шәкіртақы;
- Әлеуметтік жәрдемақылар;
- Несие немесе депозитке қатысты жеке аударымдарға
қатысты қолданылмайтынын нақты атап өтті.
Сонымен қатар достар мен туыстар арасындағы қарапайым аударымдар да бақылау шегінен тыс қалады.
Кәсіпкерлер не істеуі керек?
Жаңа ереже бойынша табыс тауып жүрген азаматтарға:
- ЖК (жеке кәсіпкер) ретінде тіркелу;
- Сауда жасағанда POS-терминал немесе QR арқылы төлем қабылдау;
- Төлем үшін фискалдық чек беру міндеттеледі.
Қаржы министрлігі бұл талаптардың тіркелмеген кәсіпкерлікпен айналысатындар үшін ғана енгізілгенін және қарапайым азаматтардың құқықтарын шектемейтінін мәлімдеді.
Жаңа тәртіп қашан күшіне енеді?
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап.
Осы күннен кейін жоғарыда көрсетілген талаптарға сай мобильді аударымдар күшейтілген салықтық бақылауға ілігеді.
Қыркүйектен бастап мобильді төлемдерге қатысты талаптар нақтылай түседі. Кәсіпкерлікпен айналысып, бірақ тіркелмеген тұлғалар үшін бұл – заң алдында жауапкершілікке тартылмаудың бір жолы. Ал қарапайым азаматтар үшін алаңдауға негіз жоқ.


Жаңа оқу жылы: ата-аналар мен мұғалімдерге не өзгерді
el24.kz 2025–2026 оқу жылы қарсаңында еліміздің білім беру саласында бірқатар жаңа өзгерістер енгізілуде.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми мәліметінше, биыл оқу бағдарламалары жаңартылып, мұғалімдердің жұмыс жүктемесі мен мектеп формасына қатысты нақты талаптар белгіленді. Бұл өзгерістер оқушыларға да, ата-аналарға да, ұстаздарға да қатысты.
Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады, 31 мамырда аяқталады. Бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу аптасы сақталып отыр. Алғашқы жеті күнде олар жеңілдетілген режимде оқиды.
Жаңартылған оқу бағдарламалары негізінде математика, жаратылыстану және қазақ тілі пәндерінің мазмұны тереңдетілді. Сонымен қатар бағалау жүйесі де жеңілдеп, тоқсандық бақылау жұмыстарының саны азайтылды. Енді әр пәннен оқушылар жоба жұмыстары мен практикалық тапсырмаларды көбірек орындайды. Бұл оқушының ойлау, талдау қабілетін арттыруға бағытталған.
Мұғалімдердің апталық жүктемесі кәсіби стандартқа сай қайта қаралды. Енді дәптер тексеру, қосымша сабақ өткізу сияқты жұмыстарға арнайы ақы төленеді.Бұрынан бар жүйе күшейтілді.Электронды журнал жүргізу де жеңілдетілген.
Мектеп формасына қатысты да бірқатар ереже өзгерді. Министрлік ата-аналарға мектеп формасының міндетті екенін, алайда қымбат киім алудың қажеті жоқ екенін ескертті. Форманың түсі мен үлгісін мектеп кеңесі бекітеді. Діни немесе сәндік сипаттағы киім үлгілеріне жол берілмейді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жергілікті әкімдіктер тарапынан мектеп формасы тегін берілуде.
Балабақшаларда электронды кезек пен eGov.kz арқылы өтініш қабылдау жалғасады. Бастауыш сыныптарда цифрлық оқулықтар мен планшет арқылы оқу жүйесі кейбір өңірлерде пилоттық жоба ретінде енгізіледі. Сонымен қатар, интернет қауіпсіздігіне де ерекше мән берілуде.
Министрлік ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға шақырып отыр. Мұғалімдер үшін курстар мен сертификаттау талаптары да жаңартылды.
el24.kz анықтамасы
2025 жылы елімізде 7 700-ден астам мектеп жұмыс істейді. 250-ге жуық жаңа мектеп салынған. 1-сыныпқа 400 мыңнан астам оқушы қабылданады. Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар үлесі 98 пайызға жеткен.


Дабыл қағар уақыт келді: Каспий теңізі тартылып барады
el24.kz Каспий теңізінің деңгейі соңғы жылдары күрт төмендеп барады. Бұл туралы Abai.kz сайты NASA мен Еуропалық ғарыш агенттігінің спутниктік суреттеріне сілтеме жасап хабарлаған болатын. Климаттық өзгерістерді зерттейтін Weather-Fox.com порталының мәліметінше, соңғы он жыл ішінде теңіздің ондаған мың шаршы шақырымға жуық аумағы құрғап қалған.
Ең көп шегіну теңіздің солтүстік және шығыс бөліктерінде – Ресей мен Түрікменстан жағалауларында байқалып отыр. Бұл өзгерістерді тек спутниктен емес, көзбен көріп те анық байқауға болады. Бұрын су тұрған аумақтар бүгінде кеуіп, жеңіл көлікпен жүруге жарамды жерлерге айналған.
Негізгі себептер қандай?
Мамандар Каспий деңгейінің төмендеуіне бірнеше факторды атап көрсетуде:
- Жер шарындағы орташа температураның жоғарылауы. Әсіресе Кавказ, Алтай және Иран тауларындағы қар мен мұздың азаюы өзендердің су деңгейін азайтып отыр.
- Жайық, Терек және Волга секілді өзендерге салынған бөгеттер мен су қоймалары теңізге құятын судың көлемін айтарлықтай қысқартуда.
- Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын су мөлшерінің артуы, әсіресе Ресей мен Иран тарапынан.
Жоғарыда аталған өзгерістер Каспийдің болашағына қауіп төндіруде. Communications Earth & Environment журналының сараптамасына сәйкес, егер қазіргі ахуал өзгермесе, ғасыр соңына дейін теңіз деңгейі тағы 9–18 метрге дейін төмендеуі мүмкін.
Каспий тартылса, кімге қауіп?
Теңіз деңгейінің күрт төмендеуі бірқатар экологиялық және экономикалық қауіптер туғызады:
- Каспий итбалығы мен бекіре тұқымдас балықтардың жойылу қаупі артады;
- Балық шаруашылығы мен туризм салаларына соққы тиеді;
- Теңіз порттарының жұмысы қиындайды, көлік логистикасы бәсеңдейді;
- Ашылып қалған теңіз түбі зиянды тұздар мен улы шаң таратып, адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Шешім қайда?
Мамандар Каспий жағалауындағы бес ел – Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түрікменстан – бірлесе әрекет етпесе, бұл экологиялық мәселе үлкен дағдарысқа ұласуы мүмкін екенін ескертуде.
Агроэколог әрі геосаяси сарапшылар:
- су ресурстарын ортақ басқару,
- өзендердегі бөгеттерге шектеу қою,
- Каспий экожүйесін сақтау бойынша халықаралық келісімдер жасау
секілді шұғыл шараларды қолға алуға шақырып отыр.
Қоршаған орта – ортақ байлығымыз. Каспий тағдырына бейжай қарау болашақ ұрпақтың қауіпсіздігіне селқостық танытумен тең. Теңіз тартылса, тіршілік тоқтайды.
Материал Abai.kz сайтында жарияланған "Дабыл: Каспий тартыла бастады…" мақаласы негізінде дайындалды. Авторы: А. Әліақбар.


Министр: Ең төменгі жалақы 90 мың теңгеден сәл асады
el24.kz Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 90 мың теңгеден асуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет кулуарында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазір жаңа әдістеме бойынша есеп жүргізіліп жатыр. Еңбек өнімділігі, медианалық жалақы және инфляция ескеріліп, үш ғылыми институт зерттеу жүргізуде.
«Алдын ала есеп бойынша, ең төменгі жалақы шамамен 90 мың теңгенің ар жақ-бер жағында болады», – деді Жақыпова журналистер сұрағына жауап беріп.
Министрлік бұл көрсеткішті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуді жоспарлап отыр. Қазір ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.


1 шілдеден бастап банктер шоттар туралы мәліметті Ұлттық банкке беріп отырады
el24.kz 2025 жылғы 1 шілдеден бастап екінші деңгейлі банктер, шетелдік банктердің филиалдары, «Қазпочта» АҚ және Қазақстанның Даму Банкі жеке және заңды тұлғалардың шоттары туралы мәліметтерді Ұлттық банкке беріп отыруға міндеттеледі.
Бұл талап Ұлттық банктің 2025 жылғы 22 мамырдағы №26 қаулысына сәйкес енгізіледі.
Берілетін мәліметтер құрамына:
шот иесі туралы деректер (жынысы, туған жылы, азаматтығы, өңірі);
шот шартының сипаттамасы (валюта, мөлшерлеме, қолжетімділік құқығы);
шот туралы ақпарат (қалдық, мәртебе);
ай сайынғы операциялар туралы есеп кіреді.
Мәліметтер деперсонализацияланған идентификатор (ДИН немесе АИН) арқылы ұсынылады. Бұл ИИН немесе БСН-нің орнына қолданылатын бірегей код.
Банктер бұл ақпаратты:
шот ашылғаннан немесе өзгергеннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде;
шот бойынша операциялар жөнінде – ай сайын, келесі айдың 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
Ақпарат тек уәкілетті мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша беріліп, заңнамаға сәйкес қорғалады.


Егіз тұмар
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Қойшыбек Мүбарак
el24.kz Қаладан кеше келгем. Осы ауылда анау алыстағы қалада оқып жатқан жалғыз менмін. Туыс-туған, көрші-қолаңның барлығы менен сарқыт дәметеді…
Шамамша қалтамдағы қалған соңғы жармағыма дейін қаланың неше түрлі тәтті-дәруменін ала келетін әдетім… Биыл ерте қайтам деп хат жазып жібергем… Қайтатын қаржыны Есен ағам салып жіберіпті.
Ақтауда заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер тергеуге алынды
- Подробности
- Категория: Бүгін
фото видеодан скриншот
el24.kz Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Ақтау қаласында тіркелген ерлі-зайыпты блогерлерге қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік 19 маусымда ресми хабарлады,-деп жазады el24.kz тілшісі.
Жаңа ереже: көлік терезесінен қол шығаруға болмайды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz 2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда көлік салонынан дене мүшесін (қол, бас, аяқ және т.б.) терезе немесе люк арқылы шығаруға ресми түрде тыйым салынды. Бұл талап Жол қозғалысы ережелеріне енгізілген жаңа түзетулер аясында күшіне енді,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Қазақстанда құрастырылған Samsung тұрмыстық техникасы тамызда саудаға шығады
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz 2025 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстанда құрастырылған Samsung маркалы тұрмыстық техника ресми түрде сатылымға шығарылады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Үндістандағы ұшақ апатынан жалғыз аман қалған адам – Вишваш Кумардың өмір үшін күресі
- Подробности
- Категория: Жаңалықтар
el24.kz Үндістан, 12 маусым. Air India әуе компаниясына тиесілі AI-171 рейсі Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған бойда, әуеге көтерілгеннен кейін 30 секундтан соң тұрғын аудандағы дәрігерлер жатақханасына құлап, алапат апатқа ұшырады. Boeing 787–8 Dreamliner ұшағы бортында 242 адам болған. Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі авиациялық трагедиялардың бірі.
Қазақстанда АЭС салады: «Росатом» ресми түрде бас мердігер атанды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жобасы нақты кезеңге өтті. Үкіметаралық келіссөздер нәтижесінде ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясы АЭС салу бойынша ресми түрде бас мердігер ретінде таңдалды. Бұл туралы 14 маусым күні бірнеше халықаралық ақпарат агенттіктері мен ҚР Атом энергиясы агенттігі растаған ресми мәліметтерге сілтеме жасады.
Шерзат Полат ісі: сот отырысының онлайн-трансляциясын 40-тан астам ел көрген
- Подробности
- Категория: Бүгін
Өткен бейсенбіде марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланды.
Бұл сот процесін онлайн-трансляциялау тобының жетекшісі Перизат Сәдуақас-Хайруллина екі айға созылған жұмыстың қорытындысын жариялады,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі Anyqtime.kz.ке сілтеме жасап.
Айдаладағы кездесу(әңгіме)
- Подробности
- Категория: Проза
Жадыра Шамұратова
Таксист жігіттің тікірейген кірпішашы, етегі делдие біткен пұшықтау мұрны Қанатқа біртүрлі таныс сияқты көрінді де, қайдан көрдім деп ойлануға ерініп, құлағындағы музыкасына елтіген күйі артқы орындыққа жайғасты. Алда ақ шашты қарияның «ия, бисмилла, жол бере гөр, тәңірім» деген даусы со күйі музыканың астында көміліп қалды.
Ақтау теңіз портының президенті мұнай контрабандасына қатысты ұсталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Ақтау, 2025 жыл — Ақтаудағы халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Түрікпенбаев құқық қорғау органдарының күдігіне ілініп,бір апта бұрын ұсталды деген ақпарат тараған болатын.Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде растады.
Жаңа туған сәбиді сатпақ болған топ ұсталды
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Алматыда үш күндік нәрестені сатуға әрекет жасаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп хабарлады-деп жазады el24.kz тілшісі.
Алматыда кәсіпкерлерді қорқытып келген қылмыстық топ ұсталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, ақша бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі мәлімдеді-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Шерзат Полат ісі: Прокурор күдіктілерге 1,6 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz 2025 жылғы 3 маусымда Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан атышулы қылмыстық істің сот процесі жарыссөз кезеңіне жетті.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен бүгінгі отырыста мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотталушыларға жаза мерзімін ұсынды.
Құлсарыдағы жанармай бекетінде болған жарылыс: қайтыс болған ерлі-зайыпты қызметкерлер жерленді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
фото alash.kz
el24.kz 2025 жылдың 30 мамыр күні кешкі сағат 18:45 шамасында Құлсары қаласындағы "Ниет" жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды.
Оқиға кезінде бекетте жұмыс істеген ерлі-зайыпты — 43 жастағы Беркін және 40 жастағы Мирамгүл қаза тапты.Олардың төрт баласы жетім қалды.
Түркияның Мугла провинциясында 5,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
el24.kz Бүгін, 2025 жылдың 3 маусымында, Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла провинциясында жергілікті уақытпен сағат 12:38-де 5,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Түркияның Апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) ресми мәлімдеді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Яланык ауылы маңында орналасқан, ал жер асты дүмпулері шамамен 10,3 шақырым тереңдікте болған.
Страница 1 из 235




Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Көктемнің мың бір түні...
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- «Кедейліктің қорлығын-ай. Әйелім бір байдың көңілдесіне айналыпты… »
Соңғы жаңалықтар
- Жаңа оқу жылы: ата-аналар мен мұғалімдерге не өзгерді
- Дабыл қағар уақыт келді: Каспий теңізі тартылып барады
- Жасырын қауіп: діни секталардан қалай сақтанамыз?
- Елдегі жемқорлықпен күрес ҰҚК қарамағына өтті
- Министр: Ең төменгі жалақы 90 мың теңгеден сәл асады
- 1 шілдеден бастап банктер шоттар туралы мәліметті Ұлттық банкке беріп отырады
- Талғарда баласын құтқармақ болған әйел суға кетті: бала әлі іздестіріліп жатыр
- Алматыда 29 жастағы қыз 7-қабаттан құлап қаза тапты
- Қыркүйектен бастап мобильді аударымдар қатаң тексеріледі: жаңа ереже күшіне енеді
- Павлодарда өгей қызын ұзақ уақыт бойы қорлаған ер адам 15 жылға сотталды
- Егіз тұмар
- Ақтауда заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер тергеуге алынды
- Жаңа ереже: көлік терезесінен қол шығаруға болмайды
- Қазақстанда құрастырылған Samsung тұрмыстық техникасы тамызда саудаға шығады
- Үндістандағы ұшақ апатынан жалғыз аман қалған адам – Вишваш Кумардың өмір үшін күресі
- Қазақстанда АЭС салады: «Росатом» ресми түрде бас мердігер атанды
- Айдаладағы кездесу(әңгіме)
- Шерзат Полат ісі: сот отырысының онлайн-трансляциясын 40-тан астам ел көрген
- Ақтау теңіз портының президенті мұнай контрабандасына қатысты ұсталды
- Жаңа туған сәбиді сатпақ болған топ ұсталды
Інім мен келініме менің қарғысым тиді ме...
Қорқыныш (2-бөлім)
Ескі үйдегі елес
«Әкем дөкей, бәрін қатырамын...»: лауазымды қызметкердің қызы осылай деп көпшілікті алдап соққан
Күйеуім әйелқұмар
Мұртты қыз
Бесінші күйеуден бағым жанар ма екен
Менікі дұрыс па ?
Әйелдер сыр сақтай біле ме?
Тоқал болсам да көңілім тоқ емес
САЛМАҚ ТАСТАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУІМ КЕРЕК?
Бейіт басында аруақпен кездесу
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru