el24.kz 2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда көлік салонынан дене мүшесін (қол, бас, аяқ және т.б.) терезе немесе люк арқылы шығаруға ресми түрде тыйым салынды. Бұл талап Жол қозғалысы ережелеріне енгізілген жаңа түзетулер аясында күшіне енді,-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл норма жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Терезеден қол немесе басқа дене мүшесін шығару жол-көлік оқиғаларына немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.

Жаңа ереженің мәні қандай?

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-2-бөліміне сәйкес, көлік ішінде отырған адамның терезеден немесе люктен дене мүшесін шығаруы – заңбұзушылық болып есептеледі.

Айыппұл мөлшері

Мұндай ереже бұзған жағдайда жүргізушіге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (2025 жылғы есеп бойынша 39 300 теңге) айыппұл салынады.

Жауапкершілік жолаушыда ма, жүргізушіде ме?

Заңнамаға сәйкес, жауапкершілік тек жүргізушіге жүктеледі. Себебі жүргізуші көліктегі тәртіп пен қауіпсіздікке толықтай жауап береді.

Қалай бақыланады?

Ереженің сақталуын жол патрульдік қызметі және бейнебақылау жүйелері арқылы ІІМ бақылайды.


Ескерту: Жаңа талаптар әлеуметтік желілерде жиі кездесетін қауіпсіздікке қайшы әрекеттердің алдын алу үшін қабылданды. Бұл әсіресе терезеден селфи жасайтын немесе видео түсіретін жастарға қатысты.