el24.kz Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 90 мың теңгеден асуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет кулуарында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір жаңа әдістеме бойынша есеп жүргізіліп жатыр. Еңбек өнімділігі, медианалық жалақы және инфляция ескеріліп, үш ғылыми институт зерттеу жүргізуде.

«Алдын ала есеп бойынша, ең төменгі жалақы шамамен 90 мың теңгенің ар жақ-бер жағында болады», – деді Жақыпова журналистер сұрағына жауап беріп.

Министрлік бұл көрсеткішті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізуді жоспарлап отыр. Қазір ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.