el24.kz Қазақстанда Антикоррупциялық агенттік таратылады. Оның қызметін енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамындағы арнайы бөлім атқарады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 30 маусымдағы жарлығында ресми түрде жарияланды. Құжатқа сәйкес, бұған дейін жемқорлықпен күреске тікелей жауапты болған Антикоррупциялық агенттік таратылып, оның функциялары ҰҚК құрамындағы Антикоррупциялық қызметке беріледі.

Сонымен қатар, агенттіктің бірқатар міндеттері — антикоррупциялық саясатты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен ашықтықты дамыту — Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өтеді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл өзгерістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын тиімді үйлестіруге, сондай-ақ қауіпсіздік органдарының жұмысын күшейтуге бағытталған.

Айта кетейік, Антикор 2019 жылдан бері Президентке тікелей бағынатын тәуелсіз орган ретінде жұмыс істеп келді. Енді бұл құрылым ҰҚК құрамында жұмысын жалғастырады.