el24.kz Ақтау, 2025 жыл — Ақтаудағы халықаралық теңіз сауда портының президенті Абай Түрікпенбаев құқық қорғау органдарының күдігіне ілініп,бір апта бұрын ұсталды деген ақпарат тараған болатын.Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми түрде растады.

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану

Абай Түрікпенбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы ("Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары ҰҚК тарапынан жүргізілуде. Қазіргі уақытта Түрікпенбаев уақытша ұстау изоляторында.

Мұнай контрабандасы фактісі

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілде айында «БатысНефтеТрэйд» ЖШС-не тиесілі «Мелиана» танкері арқылы Қазақстаннан заңсыз мұнай жөнелту әрекеті анықталған. Бұл оқиға Ақтау портында үлкен резонанс тудырған болатын. Танкер әлі күнге дейін порт аймағында тоқтатылып тұр. Мұнай контрабандасына қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Порттың қызметі мен ауысым мәселесі

Абай Түрікпенбаев Ақтау теңіз сауда портының президенті қызметін 2017 жылдың қаңтар айынан бастап атқарып келген. Қазіргі уақытта оның міндетін уақытша Әмір Атамбаев атқаруда.

Қоғамдық пікір мен алдағы шаралар

Бұл іс қоғамда үлкен қызығушылық туғызып, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен құқықтық нормаларға сәйкестігі туралы мәселені тағы да көтерді. Құқық қорғау органдары тергеуді толыққанды әрі ашық жүргізуге уәде беріп отыр.