el24.kz Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, ақша бопсалап келген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі мәлімдеді-деп хабарлайды el24.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында топ мүшелерінің бірнеше кәсіпкерге күш көрсетіп, заңсыз ақша талап еткені анықталған. Тергеу мәліметінше, күдіктілерге қатысты бопсалаубұзақылықадам ұрлауөз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа қасақана зиян келтіру баптары бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктілердің әрекеті топ болып, алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырылған. Олар жәбірленушілерді қорқыту, күштеп алып кету және заңсыз жолмен ақша өндіру әрекеттеріне барған», — делінген полицияның ресми хабарламасында.

Қазір топ мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.