Салтанат Абылбекова

 Бір қазақ келіп, 
-Женщина немесе девушка деп жөн сұрап жатса, сөзін соңына дейін тыңдамастан, 
-қап-қара орысты қайдан көрдің деп "шап" ете қалатын жаман мінезім бар.
Әлгің қорыққанынан, екі көзі алақандай болып, қолын көкірегіне қойып, 
,-ой тоба! қандай-қандай қызсыз-деп қазақша сөйлеп кеткенін байқамай қалады. Сол кезде барып, бағанағыыыы шаптығып кеткен түрімді ретке келтіріп, 
Не сұрайын деп едіңіз деп күлімсірей қаламын. Сөйтіп біз әрі қарай қазақша сөйлесіп кетеміз. Осыдан бірнеше жыл бұрын орысша сөйлеп тұрған қазаққа қазақша жауап беремін деп олардан "мамбетка"
деген сөз естіп қалдым. Мағынасын да білмейді екенмін. Ес білетін үлкендердің бірінен "Мамбет" сөзінің мағынасын сұрағанымда 
ол
Мұхаммед пайғамбарымыздың есімі екенін айтып қуантты. 
"Мамбетка" деп айтқан бейбақтың бетінен сүйгім келіп кетті сол кезде. Киіп жүрген қысқа етек көйлектерімнің етегін ұзартып, сала-ғұла тілімді қысқартып мамбет деген атқа лайықты болуды жөн деп таптым. Сенсеңіздер біреудің бетіне тіке қарай алмайтын, кітапханадан кітап алып оқитын, арасында Жаратқаннан дұға тілеп,әрі дәретсіз жүмейтін, яки қолымнан құман түспейтін нағыз мамбетке айналдым. 
Сөйтсем мен шынымен мамбеееет екенмін ғой. Естуімше
орысша сөйлемейтіндерді "мамбет " дейді екен ғой қазіргілер.
Қайдан білейін ақ көңіл байғұс. Мамбет деген атыма кір келмесін деп, таза болып құман ұстап жүгіріп жүрсем. Сөздік жаттасамшы оданда. Мамбетпін ғой қайтейін енді.