Ғани Әлихан

Мұсылмандықтың басты қағидаларының бірі бұл сүндетке отыру ғой . Қазір бәрі оңай . Балаңды больницаға апарасың , хирург өзі сүндеттеп , өзі уколын егіп , дәрі - дәрмегін беріп , балаңды қайтып қолыңа әкеп береді . Ал біздің заманда ше ...Ооо ол кезде сүндет деген өзгеше еді ғой . Өйткені , ол кезде ауылда тұрамыз . Сонымен қаладан бір доғдыр келетін де бүтін бір көшенің балаларын бес - алты сағатта сүндеттеп кететін ...

Қысқасы , бір күні менің үйіме екі адам кіріп келді . Ойымда түк жоқ , қолымды беріп амандасып болып жүрмін . Айналып толғанып зыр жүгіріп мамам жүр . Бір екі көрші - қолаң , туысқан ағаларым бәрі - бәрі мені қолпаштап жүр . Мәссаған , мыналарға не боп қалған , мені бүгін бәрі айналып - толғанып қаптығой деп қоям . Сөйтсем мені сүндетке отырғызайын деп жүр екен .
- Аға нестейсіз деп қоям , брашқа қарап .
- Майлаймыз дейді , олда сөмкесінен бірнәрселерді шығарып жатып . Ооо ,деймін де :
- Аға ауырмай ма ?-деп қайта сұрап қоям .
- Жоғә , түкте ауырмайды , жат қане жат дейді брашқа қосылып бәрі жамырап . Сонымен не керек , мен жатырмын . Әлгі браш аяқ жағыма кеп отырды . Бір кезде балапанымның басы шым ете қалды . Селк етіп ұшып тұрдым . 
- Қозғалма жат деймін дейді әлгі браш . Сөзден мен қаламба сірә .
- Болдыма аға , майладыңыз ба?- деймін қайталап . 
- Ия ия , міне міне деп барып тағы да бір шым еткізді . Сонан соң өз-ара әңгіме айтып отырыса кетті . Мен болсам жатырмын . Жәймен басымды көтеріп қарап - қарап қоям . Мәссаған , бір кезде кішкентай ғана балапаным өз - өзінен үлкейіп шөжеге айнала бастады . Қап құрғыр - ай шөжеден қоразға айналып кетеме деп ойлап жатырмын . Жоқ - жоқ , қоразға жеткізбеді . Аяқ қолымды басып тұрып шөжемнің басын шауып тастады . Ойбайлап бердім . Сол сәтте айналамдағы адамдар қалталарын тиын , ақша шығарып қолыма ұстата бастады . Өзара қол соғып мұсылман болдың деп шуласып жатты . Бір қызығы мен сол доғдыр кетем дегенше орнымнан тұрып ойнап кеттім . Содан басталды дейсің , анаған көрсетесің 10 тиын береді мынаған көрсетесің 50 тиын береді , қысқасы ақша жинайсың . Енді бар ғой ақшаға сондай құнығасың , көргісі келгенге де көрсетесің , көргісі келмегенге де көрсетесің , тіпті ақшасы жоқтарға қарызға да көрсетіп жібере бересің . Өйткені бізде салт сондай , дәстүр сондай . Басына тфә деп түкіргені үшін ақша төлейді . Рахат емес пе?
Ал енді көшеге киіп шығатын киіміңді қара . Дәу қара трусимен жеңі жоқ ақ мәйке . Трусидің үлкендігі сондай балағы тізеңнен төмен түседі . Өзің ауылда жүріп күнге күйіп кеткен қап - қарасың . Өйткені тынбайсың , зыр жүгіріп ойнайсың да жүресің . Сонымен не керек , менің көрші ағам болды . Естеріңізде болса , баяғы "Нетіп - нетіватқандар" деген постымдағы жеңешем екеуі басты рөлді ойнаған ағам . Ол кісі ауыл директорының қайнысы (балдызы) боп келеді . Шақырып алды да бәрімізді совхоздың конторасына жіберді . Совхоз директоры сендерге ақша береді барыңдар дейді . Бес алты бала тұра жүгіріп әп - сәтте совхоз директорының кабинетіні баса көктеп кіріп бардық . Көзілдірігін төмен салып таңырқап қарап алған совхоз директоры 
- Неғып жүрсіңдер шулап дейді . 
- Аға бізді сүндеттеп еді , соны сізге көрсетуге келдік дедік . Ой жарықтарым ай қане көрсетіңдерші деп бірме бір шақыра бастады . Көргенімізге бір түкіріп қалтасынан бір уыс тиын шығарып беріп жатты . Ақшамызды алып алғансоң зып беріп шығып ойнап кетебардық . Ертесіне тағы да сол . Сол ағамыз барыңдар бүгінде ақша береді дейді . Шулап алып тағыда контораға келдік . Қысқасы тағыда ақша алдық . Маған келгенде қызық болды .
- Әй сен кеше келмеппедің дейді . 
- Ия келдім аға дедім . Жә , жарайд ма саған деп мағанда тиын ұстатты . Тағы да шулап көшеге шықтық . Масқара ертесіне болды . Тағы да сол ағамыз . Конторада жалғыз отыр барсаңдар ақша береді дейді . Бес алты бала тағы да жетіп бардық . Бізді көргенде директор шатасайын деді . Өйткені мен сүндеттеген күні орнымнан тұрған болсам , енді ертесіне тұрғандар қосылған . Онан оның ертесіне тұрғандар бар олар қосылған . Сондай ақ бәріміз бірдей киімдеміз .Олар әлі директорға бармағандар . Мен болсам үшінші рет келіп тұрмын . Қысқасы фронтавик директорымыз қатты адасты . Тфә деп түкіріп бәрімізге ақша бере бастады . Бірақ маған келгенде трусиімнің ышқырынан ұстап алып жібермей қойды .
- Сен баланың атың кім өзі , кімнің баласысың , меніңше сен үшінші рет келіп тұрсыңғой солайма дейді . 
- Мен ия дедім .Содансоң көзі алақ жұлақ етіп маған қарады . Онан басы жоқ балапаныма қарады . Онан көзілдірігін шешіп тастап қайтадан маған қарады . Ақыры ештеңе көре алмады . Қайдан көрсін , басы жоқ балапан ақ матада құндақта жатыр . Содан тұрып 
- Ее дейді таңырқап .
Мен болсам үнсіз тұра бердім .
- Немене қан шығып тұр , тағыда кестіме не дейді .
- Ия дедім менде міз бақпастан . Менің мына сөзіме әбден есі кетті білемін жалт бұрылып қасында отырған Парткомға қарады . Ол кісі менің ең жақын класстас досым Есболдың әкесі . 
- Әй Уәке , ондайда болама не қайта - қайта кесеберемекен дейді директор таңырқап . 
- Асеке ондай - ондай боп тұрады . Енді кейбір балдар жылап кестірмей қояды немес хирург мас болып қалады . Өйткені бір кескенде 20-30 баланы кесуге келеді . Солардың әрқайсысы үйінен жүз грамм құймай жібермейді . Содан көбінше соңғы кескен балдардікі шала болады . Сондайларды қайта кескенін өзім көрдім . Мына балада сондай болған шығар деп қойып қалды .
- Ааа деп таңырқаған директор тфә деп бір түкірді де қолыма атаның басы бар дәу тиын ұстатты . Зулап сыртқа шықтымда балдарға қосылып ойнап кете бардым . Сол сол болды . Балалық бітіп жігіт болдық . Өзімнен екі жас кіші Гүлпаршын деген қызға ғашық болдым . Қызықтың көкесі сонда болды .Ол әлгі директорымыздың қызы . Қыздың өзі кет әрі еместін . Мамасы да сен балаға беремін деп жүретін . Ал қақпас директор шал қызын маған бермей қойды . 
- Мамаңа айтсайш берем дептіғой деймін Гүлпаршынге. 
- Айттымғой айттым , бірақта дейді .
- Неге бірақ деймін , жүрегім алып ұшып .
- Мамаммен сен жайлы сөйлесіп отырғам . Ол жақсы бала , өзің біл қызым барам десең жоқ демейін деп отырған . Кенеттен папам келді да мамамның құлағына сыбырлады дейді . 
- Ойбай сыбырлағаны нес , сонда не деді деймін үздігіп .
- Білмеймін дедім ғой білмеймін .Бірақ , мамам содан соң қатты айнып қалды . 
- Қой қызым онанда жақсы жігіт табылар . Бармайсың дедім бе , бармайсың деп шорт кесті дейді . Осылайша директордың қызы маған бұйырмады .

Қақпас шал , сонда не деп сыбырлап кетті екен деймін да осы күні ?