Ғани Әлихан

Əскерден жаңа келген кезім . Мамыр айы , күн əжептəуір қызып қалған кез. Енді не істесем екен деп ойланып , бас қатып үйде жатқанмын.
- Ойбай анау келінді өлтірді , баршы  обал ай , байғұсты өлтірді-ау деген шешемнің жан айқайы шықты . Үйден атып шықтымда айғай шығып жатқан көршімнің үйіне қарай тұра жүгірдім.Қорған бойын жағалап кеп қақпа тұстан кіріп келдім.

Масқара...көрші ағам жеңешемді бұрымынан ұстап алған аулада тарсылдатып тұрып сабап жатыр . Сабағанда қандай , тарт тіліңді деймін , тарт деген соң тарт деп құлаштап тұрып ұрып жатыр .
- Тартпаймын дедім ба, тартпаймын деп қарғап сілеп аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жеңешем жатыр. Қой, жазатайым өлтіріп қояр деп жүгіріп барып араларына түсе кеттім . Не болсада ағамның қолындағыны алайын деп арашалап жүріп, оң қолына жармаса бастадым.Еңгезердей кісі , күш берер емес , мені қалай болса солай жұлқып ұшырып жібере жаздайды. Ал бұрымын беріп қойған жеңешем болса əр соққы тигенде, ойбай ұр - ұр , ұр дегенсоң ұр деп онан сайын кіжініп, айқұлақ сияқты ісініп шыңғырып əлек . Содан не керек, əупірімдеп жүріп ағамның қолындағы ұрып жүрген нəрсесін жұлып алдым . Құрсын МАСҚАРААА , қарасам кəдімгі шуаш сасып кірлеп кеткен дəу шұлық . Оныда бірінің ішіне бірін салып алыпты . Ал жеңгем болса əлі сол , ұр дегенсоң ұр , ұр деп айқайды жіберіп жатыр.Оның сөзіне шыдай алмаған ағам тағы да ұра бастады . Ойбай ұрғандада қатынды емес енді мені ұрып жатыр. О баста абайсызда тиіп кетіп жатырма деп ойлағам . Сөйтсем жоқ , боқтағанда жеңешемді боқтап , ұрғанда мені ұрып жатыр . Аң-таң боп мұнысын түсіне алмай :
- Ағау мені емес , əне ананы ұр деп ымдап , жеңешемді көрсетіп ыңғайын беремін , жооқ ағам əдейіге құлаштап тұрып мені ұрып жатыр . Əрі- бері ымдап жүріп жеңешемді көрсетем ғой , бірақ бəрібір сол жұдырығы келіп маған тиеді .Тигенде жанға батып жатқан түгі жоқ тап үндінің киносындағы ұрыс сияқты. 
Ағамның мұнысына қатты ашуым кеп , қолымдағы шұлықты лақтырып жібердім де , жеңешемнің бұрымын ұстап тұрған қолына қайта жармастым.
Сөйтсем жеңешемнің бұрымын жібере салған ағам , шұлықтың соңынан жүгіріп барады . Баруына барды - ау , бірақ ошақ басында жатқан не күректі алмады , не көсеуді алмады , тек сол кір шұлықты тауып ала сала , жеңешемді ұруға қайта жүгіріп келеді . Абырой болғанда осы кезде шешем де жетті - ау əйтеуір.
- Əй қойыңдар қәне!- деген сөзіне басына орамалын жауып жеңешем үйге жүгірді. Ал ағам болса, қолындағы шұлығын тастай сала сондағы кереуетке отыра кетті. 
Мұнысына таң қалған мен , ағама жақындау келіп :
- Ағау -деймін .
- Ау -дейді ағамыз ырс-ырс етіп көзі аларып.
- Ағау ,ұрғансоң қолмен не күрекпен ұрмайсыз ба? Шұлықпен ұрғанша деймін .
- Синəк түседі ғой ,синəк дейді ағамыз мыңқ - мыңқ етіп басы салбырап .
Мына сөзге не күлерімді білмедім не жыларымды білмедім . Сөйтіп тұрғанда басына орамалын тартқан жеңешем үйден шықты .
- Апа ,шəй қойдым отырыңыз шəй ішеміз ,
сен балада кетпе шəйға отыр :
- Əй, албасты қолыңның қышуы қанған болса , бар бет аузыңды жуып кел де шəйіңді іш десе :

-Аааа - деп ағамыз бетін сипап көріп қолына құманын алып зытып бара жатыр .
Мəəə , мыналар недеген баймен – қатын, не деген ұрыс бұлардікі деймін да . Осы күні ойлап қоямын , негізі сол ағам не деген ақылды ед ... əй ол заманның еркегі де қатыны да басқаша еді ғой бірақ .
Сол ағамыз бертін келе пайғамбар жасында қайтыс болды . Ал жеңгеміз болса , қазір қыз ұзатып ұл үйлендіріп келін жұмсап біраз немере тəрбиелеп отыр .

Уот это МАХАББАТ еді міне !