Ғани Әлихан
- Аға мұнда жүріңіз - деген ақ халатты жас келіншектің соңынан ере бердім. Сол жақ қолымды қойып , қан қысымымды өлшеп болған соң ,сол жерге ине егіп .
- Осында аздап жата тұрыңыз - деп шығып кете барды . Жалғыз қалып өз ойыммен өзім арпалысып мен де жата кеттім.
Міне қызық !
Көзімді ашсам айналамда жарқыраған шамдар анандай жерде, Лас-Вегас деген жазу таблодан өтіп жатты . Қап ойбай – ай, Америкада жүр екем ғой деген ой миыма сап ете қалды . Ал керек болса енді қайттім , тіл білмеймін . Ешкімді танымаймын . Сонда барып есіме осы әлеуметтік желідентаныс ,Америкада жүрген екі досым түсті . Бірақ ... бірақ оның бірі Калифорнияда бірі Нью-Иоркте жүр ғой ал мен болсам Лас - Вегаста жүрмін. Оларға қалай хабарласамын деп қоямын . Осылайша аң - таң күйде жатырмын .
Сонан соң әлдеқандай дыбысқа көзімді ашқандай болдым . Мəссаған тас төбемнен əп - əдемі бір қыз тесіле қарап бірдеңелерді айтып жатыр . Еміс - еміс дауысын естимін. Алайда түсіне алар емеспін . Американка болуы керек деп қоямын . Бірақ мына қыз, негізі осы Вегаста жүрген,Шымкенттің қызы болды ғой деп топшыладым. Себебі қазақша сөйлеген сөзіне түсіне бастадым .
- Қалайсыз? - деп қояды жымиып қарап .
- Жақсымын - дедім де іле шала.
- Өзіңіз қалайсыз ?- деп сұрадым .
- Менде жақсымын , танысамызба ?-дейді .
- Таныссақ танысайық , атым Ғани - дедім.
- Малика- деді қолымнан ұстап . Ойбай құрсын шошып кеттім. Қолыма қарасам жіппен байлап қойыпты .
- Əй, мынау не дедім жын ұрғандай шошып .
- Ол капельницағой , алаңсыз жата беріңіз -дейді Маликам .
Япыр - ай , жапанда жалғыз қыз , жалғыз жігіт жатырмыз . Енді қыз болғанда қандай ,өте әдемі ,өте көрікті қыз . Құдай берді деген осы емеспе ?Жооқ , сөйтсем бастарына зонтик ұстап алған тағыда екі қыз бар екен . Онан тағы да екі - үш еркек жүр. Тек қана аузы - бастарын тұмшалап алған көздері ғана көрінеді . Жəнеде менің оң жақ қалтама қолдарын салып жатыр . Ойыма ұрылар сап ете қалды .
- Əй қыз , мыналар менің қалтамнан не ұрлап жатыр? - дедім айқайға басып .
Ол қыз да үн жоқ . Көзіме қарап күліп тұр .
- Əй үнің өшкір неғып тұрсың , мыналар мені тонап жатыр ғой- дедім .
Мына қызда тағы да үн жоқ . Өзара сыбырласып сөйлесіп жатыр . Ойбүйй , мыналардың бəрінің ауыздары бір ұрылар екен ғой дедім де, үнсіз жата бердім . Содан ұйықтап кетіппін . Көзіңді аш деген дауысқа қайта оянсам , əлгі қыз əңгімені жіберіп дейсің келіп .
- Қатының барма?- дейді .
- Бар- дедім . Сөйтсем .
- Қанша қатының бар?- дейді .
Ал енді тауып көр . Шыныменде қанша қатыным бар еді ?-деп ойлана бастадым. Сонан соң,әлеуметтік желідегі достарымның атын айтып санай бастадым.
Гульнара , Мадина , Алия , Гульмира дей келе тоқтап қалдым. Мұныма таң қалған әлгі қыз қайта сұрап жатыр .
- Сонда, сіздің қанша қатыныңыз бар өзі ?-дейді .
- Әй тоқтай тұршы , өзім таппай шатасып жатқанда - деп күбірлеп ұрсып бердім .
Ал мұны естіп шулап кеп күлсін бəрі . Олардың күлгеніне менің көзім қарауытып басым айнала бастады . Бар болғаны тынысым тарылып барады деп айтып үлгірдім . Сонда барып нашатир деп айқайлаған еркектің даусын естідім .
Арадан қанша уақыт өтті білмеймін , есім кіргенде қарасам , аузымды әппақ матамен Маликам басып жатыр екен .Көзімді ашқанымда ғана қолын алып , бәрі жақсыма ?-деп сұрады . Есімде дереу жиған мен болсам ,Маликамның қолына қарап үлгірдім . Ол болса еш ойланбастан аузыма басқан ақ шүберекті етегін көтеріп тұрып ышқырына сүңгітіп жіберді .Ойбай , ойбай деп шошып кеттім .Ойбай құдай сақтасын .
- Әй қыз , сен анау шүберекті қайдан алып бастың менің аузыма . Ышқырыңнан алдың ия?- деп сұрадым . Сөйтсем
- Ол не ышқыр деген ?-дейді Маликам маған таңдана қарап
- Әй жартыбас . Ышқыр деген дамбал , ол сенің бұтыңдағы дамбалың- деп айтып салдым . Əр жерден күлген дыбыстар шығып жатты . Мен оларға көңіл бөлмедім. Терең ойға батып жата бердім ...
Міне есімде қалғандары осы ғана . Ал олардың айтуларынша дамбалдан да басқа талай қызықты сөздер айтыппын . Бертін келе бетім бері қарағанда Маликам келіп .
- Сен баланы мен әлі дамбалыма саламын дейтінді шығарды Сөйтсем , мен Вегаста көрген әп - әдемі қара қыз , 54 жастағы үп - үлкен анестезиолог тәтем боп шықты .
Ұят – ай, құрсын ұят ай , не дейін ...
Мен мұны қалжыңдап жазсамда , өміріме араша түскен сіздерге деген ақ тілегім шексіз мол . Аман болыңыздар Ақ халатты абзал жандар !