Ғани Әлихан
Бала күнім шамасы бес алты жастарда болуым керек . Баларақ, ойын баласы кезім ғой. Ойнап жүріп ангинам көтеріліп қатты ауырып қалдым. Сол баяғы шешем байғұс , зыр жүгіріп укол салдырып қолынан келген ем-домның барлығын жасап шыр-пыры шықты . Алайда менің тамағым жақсы бола қоймады .Тіпті жұтындырмай тілім күрметіліп əбігерге түстім . Сонымен не керек, тамағыңды бастыру керек ,деген шешем бір қожа кісіні шақырып келмесі барма .
Төсекте жатқан жерімнен еңгезердей дəу қара кісі кеп бас салды . Қашып үлгірмей қалдым . Аяқ- қолым дірілдеп қорыққанымнан сол жерде өтірік өлдім де қалдым. Былайша айтқанда былғаңдап тірі өлікке айналдым. Басым былқ-сылқ етіп қайда тартса сонда құлап көзімді тарс жұмып жатып алдым. Əрі тартып, бері тартып тұрғыза алмаған дəу қара кісі қорқып кетті білемін :
- Әй қызым ,қызым деп дауыстап мамамды шақыра бастады . Өйткені , сіз тамағын баса беріңіз мен көрмей ақ қояйын , жүрегім шыдамайды - деп мамам сыртқа шығып кеткен болатын .
- Әй қызым, мына балаңды доғдырға көрсет, тамағын баса алмаймын жағдайы тым нашар екен ,ал енді нан əкел ауыз тиейін де тұрайын -деп кетуге ыңғайланды . Мамам байғұс
- Немене , не дейсіз ата деп ентігіп жүгіріп кеп мені құшақтай алды . Айналып толғанып басымнан сипап ананы-мынаны айтып жалбарынып əлек . Мен болсам үн жоқ. Көзімді жұмып былқ - сылқ еткен өлікпін .Қысқасы менімен əуреге түскен мамам нан бере қоймады , ал қожа кісі болса қарны ашпа , нан бермеген соң олда кете қоймады. Мен болсам өліп жата бердім .
Бірақ қанша өлсем де ,түк шықпаған соң жəймен бір көзімді сығырайтып ашып қарады . Ойбой мына шал кетер емес .Сақалын сипап қойып тізерлеп отырып алған .Қайта – қайта, нан - нан деп қақсап отыр . Қап, ойбай ай!- деймін ! Тіріліп кетіп, бір нанды əкеп аузына бір ұрсам ба екен?- деп қоям. Бірақ , жооқ олай етуге болмайды Ғани деймін . Ол кезде мына шал аузыма саусағын тығуы мүмкін . Ойбай саусақ болғанда қандай саусақ деңіз ? Кəрі шалдың күс басқан қыртыс - қыртыс , кір - кір саусағы кəдімгі. Оның үстіне тырнақтың астына менен басқаның бəрін жинап алған .( Мүмкін Төреш айтқандайда қылған шығар ). Қой құрсын онанда өліп жата берейін деп жата бердім . Айналып толғанып жыламсырап шешем де отыра берді . Ал кəрі шал бұл кетпеді . Ақыры менде шыдам бітті .Ұшып жүрген жанымды қайта шақырып , тіріле бастадым. Өйткені шешем байғұс еңкілдеп жылап бастады .Аяп кеттім , жүрегім елжіреп сала берді . Сонан соң атып тұрдым да, шалға қарап аузымды қатты ашып отыра қалдым. Мұны күтпеген шал маған жалт қарады .Мен де міз бақпадым .Енді шал көзін уқалап - уқалап жіберіп таңырқаған күйі тағы қарады. Біраздан соң жақындай түсіп аузыма үңілді . Мен оған сұқ саусағыммен тамағымды көрсеттім . Шал қуанып кетті . Кір - кір саусағын тамағыма салып жіберді . Желкемнен ұстап тұрып күштеп басып қалды. Көзімнен ытқып - ытқып жас шығып кетті . Енді екінші жағымды басуға ыңғайланды . Міне -міне , ә ə дейбергенде бар күшіммен саусағын тістеп қыршып алдым. Жаны сондай тəтті екен , шалың тұра қашты .Нан жемеді . Жеу түгілі сұрамады . Табанын жалтыратып тайып тұрды . Бірақ сол заматта менің аузымнан қанды ірің атып шықты. Жаным жай тауып көзім ұйқыға кетті . Сол жатқаннан ертесіне мамамның құшағында бір -ақ ояндым . Сол- сол болды , сол шал мені көрсе қайқая қашатынды шығарды. Ал бері келе мен жігіт болғанда дүние салды .
Өткенге салауат дейік , иманды болсын !