Осы өткен жылдарға дейін құрдастарымның қашқаны да қуғаны да менің үйіме келетін еді . Бір күні бір құрдасымның байы қашып келсе , келесіде тағы бір құрдасымның қатыны қашып келетін . Осылайша менің үйім олар үшін неке сарайына айналды . Сонда осының бәріне кінәлі қу арақ. Менің ішпегеніме он жыл болды . Негізі ауылдан шыққан араққұмар кеңестік дәуірдің соңғы тұяқтары біздерміз, оны мойындау керек ! Бірақ ол заман құрдымға кетті емеспе ?
Сондада көп құрдастарымның арақпен ажыраса алмай жүрген жайы бар . Солардың ішінде бір ішкенде үш төрт күн , апталап ішіп жарты жылдығын бір ақ ішетін құрдасым бар. Өзі былайша өте момын жігіт . Ал енді ішсе , көзіне түк көрінбейтін көрсоқыр , есерсоқ жігіт .
Өткен жыл осы Астанаға жолға шығайын деп дайындалып жатқанмын . Кенеттен телефоным шыр ете қалды . Тұтқаны көтергенім сол екен
- Ғани аға , мамаммен папам ұрсып жатыр , мамам тез келсін деп сізге айт деді -дейді . Уақытым тығыз болсада баламның сөзін қимай , тұра жүгірдім . Сондағысы мынау : бай ішкен , қатын ашуға мінген . Ішкендеде өзі анда -санда бір ішетін арағын қоя алмай жүрген сол құрдасым . Еңіреп алдымнан шыққан қатын :
- Бүгін міне үшінші күн . Тоқтамай ішіп жатыр . Жұмысынан айрылып қалмаса игі еді , өзің сөйлесші дейді .
- Ойбай мен не деймін мынаған , не айтамын , өзің бірдеңе қылсайшы десем :
- Жоқ өзің сөйлесші , мені тыңдаушы ма еді бұл?- дейді . Қап енді қайттім , кетіп қалуға тағы да ыңғайсыз , арпалысып отыруға уақытым жоқ пойыздан кеш қаламын .
- Айеке ,үйде жіп барма ? Болса әкел!- дедім . Өйткені бұл құрдасымды ұйықтата алмай бұрында талай рет бұқадай байлағанбыз . Қысқасы жіп әкеліп , мен оның аяқ қолын байлай бастадым . Удай мас боп отырған сорлы сол сәтте есі кіріп жалына бастады . Батырға да жан керек дегенғой қоймайтынымды білгенсоң жайырақ байлашы , қатты тартпашы деп жалынып әлек . Шыныменде жалынып тұрса жаның ашиды екен.
- Енді ішпейтін болсаң байламай ақ қояйын -десем
- Анау арақ біткенше ішейінші ,сонан соң болды ішпеймін ,Алла бар- дейді . Оған қатын көнеме:
- Ойбай , сен кетсең болды бұл сол сәтте шығып жоғалады сенбе , ойбай сенбе , байла деген соң , байла деп ұрса жөнелді . Қысқасы бақыртып отырып аяқ- қолын артына қарап тартып байлап тастап ,
- Ал енді басы ашылған соң шешіп жібер , бірақ қарайлап қой , өліп қалмасын деп сумкамды мойныма асып алып , таксиге отырып , вокзалға қарап тайып тұрдым . Вокзалға жетпей телефоным шырылдай бастады .
- Ойбай, Ғани !Мынау өліп қалмайма?- дейді .
- Өлмейді- дедім де телефонды қоя салдым .
Арадан жарты сағат өтпей вокзалға жеттім .Телефоным тағы да сол безілдеп берді .
- Ойбай Ғани ,мынау қара терге түсіп жатыр , қолын шешсем бе екен ?-дейді .
- Шешсең шешсей , мен пойыздамын- деп тағы да қоя салдым .Тағыда бес минут өтті . Пойызым келуге он минут уақыт қалғанда телефоным тағы да шырылдады .
- Ойбай мынаның екі қолыда ісіп кетіпті . Жіп қатты қысып қалыпты , шешейін десем шиеленісіп шешілмейді , енді қайттім- дейді қатын жыламсырап .
- Үйіңде пышақ барма , сонымен кесе сал- дедім . Осы кезде пойызымның келетінін хабарлап жатты . Телефонға тағыда тыным жоқ .
- Ойбай Ғани -дейді
- Әй не болды?- деп дүрсе қоя бердім .
- Ойбай мынау талықсып , тыныс ала-алмай жатыр- дейді қорс - қорс етіп қатын еңіреп .
Иман зәрем қалмады .Телефонға жармасып бір құрдасымның номерін тердім .
- Ало Саке , Берікті байлап кетіп едім ,барып қарашы аманба ?-екен , Айгүл жылап жатыр , баршы өтініш дедім .
- Ой мен бара алмаймын смендемін ғой ол өлмейді , ее сен Сабитке айтсай бүгін қолы бос үйінде ғой -дейді . Ә шшң дедімде ,Сабитке қоңырау соқтым . Қырсыққанда ол да рыбалкада едім ,кешке бір- ақ барамын -деп қарап тұр . Енді мен шыныменде қорқайын дедім . Құрсын өліп қалып ұятқа қалармын деп вокзалдан атып шығып таксиге отырдым . Сол аралықта қаббаттасып Айгүл қатын бірнеше рет қоңырау соғып тастады . Зулап отырып үйіне жетіп асыға -үсіге кіріп бардым . Бай жатыр . Қатын бас жағында отыр .
- Жан, бір стакан арақ құйшы а то өлемін -дейді бай жалынып .
- Жан ішпей ақ қойшы , енді қоя қойшы- дейді қатын байдың басынан сипап терін сүртіп . Мәссаған ! Міне қызық . Мен барда бірін - бірі қарғап сілеп ,жеп қоя жаздаған баймен қатын жарты сағатта жаным да жаным бола қалыпты .Тіпті жіптің орны қалған қолын қатын сорлы уқалап әлек .
Бұл не сонда ? Бұл дегенің нағыз махаббат !
Бұл дегенің нағыз қазақи отбасылар ! Нағыз ғашықтар !
Аман болыңдар достарым !
Тап осы Айгүл өткен жыл ішкен байынан қашып менің үйіме тағыда келді . Бірақ мен бас тарттым , араласпадым .Содан өкпенің астында қалдым . Арадан төрт бес- күн өткенде бай қашып келді .Өйткені білемін . Ішсе байдан қатын қорқады . Басы ашылған соң бай қатыннан қорқады . Содан біздің үйге қарап қашады .Ең қызығы сол кейінгі бір отырыста екеуіне бір ауыз сөз айттым .
- Беке , осы күн бойдақ жүргенімді білесің ғой , енді Айгүл үйге келетін болса точно зорлаймын . Маған өкпелеме . Айгүл сағанда ескерткенім болсын . Сенде өкпелеме . Өйткені қыз кезіңде кет әрі емес едің ғой . Ал менің қатын көрмегеніме көп болды . Тап осы күн қатын түгіл пенсионер кемпір болса да бәрібір .Бас салып зорлап тастаймын .Мені дұрыс түсініңдер дедім . Осы менің сөзімнің соңы болды . Осыдан соң үйімде тыныштық орнады . Қатын қашқанын қойды . Бай ішкенін қойды . Қойып қойғысы келмейді дейді . Ішкім кеп жүр ,бірақ сен Ғанидың үйіне қашпашы мен ішейін дейтін көрінеді . Ал қатын болса ішпе , іштің болды Ғанидың үйіне қашамын дейтін көрінеді . Қысқасы жылдан асып кетіпті . Құрдасым арағын қойыпты - мыс !