Ғани Әлихан
Біз бәріміз ауылда өстік қой , ержеткен соң отан алдындағы борышымыз деп əскерге кеттік .Онан аман-сау оралып ауылға келгеннен кейін алдымызда ,үйлену-үй болу деген өмір заңы тұрды .Бірақ,ол кезде заман өзгеріп жоқшылық басталды . Жоқшылық деп жоқшылық емес, бірақ тоқшылық та емес болатын .Біздің жігіт болған кезіміз осындай алғау-далғау заманға тұспа-тұс келді.Сонда да əр адамның өз дəуірі бар емес пе? Көшені бермей қаңғып көп жүрдік .Бірақ қашан болмасын бойдақтықпен қош айтысуымыз керек қой .Арамыздан үйленем дегендер табылып жатты.Ол кез қызық .Ал бірге жүрген досың үйленіп арасында жүрсең, ол тіпті де қызық .Сонымен бүгінгі үйленетін досым Есбол деген есерсоқ ,бір үйдің кенжесі ,ауылдың құрдымға кеткен бұрынғы Парткомының баласы.
Ол кезде қызды алдап алып кету, былайша айтқанда зорлап алып қашу деген бар-ды . Ал, бір қызды алып қашу деген төрт жігітке проблема болып па? Аяқ қолынан ұстап машинаға салып аламыз да, маңыратып кете барамыз .Бірақ мына Есболдың аламын деп отырғаны жергілікті емес көрші ауылдың қызы .Оның үстіне аты шығып рэкет боп тұрған бір-екі ағалары бар деп естігенбіз.Өз басым жақыннан танымасамда біздің бүгінгі жертвамыз Құралайды сырттай танитынмын .
Өйткені сол ауылға той мерекелерге бара қалсаң жарқ етіп көзге түсетін де ,осы Құралай болатын .Өзі өте сүйкімді ,əдемі қыз, біздің есерсоқпен қайдан ғана табысты екен дерсің .Бірақ «маңдайға жазса көз көрер» деген ғой .Ұрлық жасайтын жоспарымызды құрып алып ,Есболдың екі шиша арағын ішіп, төрт жігіт жолға шықтық.
Ауыл арасы шамамен қырық шақырым жер бірақ жигулиге түк емес күн батқанда Құралайдың ауылына жетіп бардық .Келіскеніміздей үш жігіт төбеге шығып жасырынып жатырмыз . Әне,əне Құралайдың үйінің ауласының светі үш рет өшіп, қайта жанды. Бұл деген қыз шығамын деген сөз .Ал біздің жүгірмек жол бойындағы аялдамада зажигалка жағып əлек .Енді бұл күтіп отырмын деген сөз .Ара қашықтық шамамен жүз метрдей . Қысқасы көп күттірмей, Құралай қыз шығып ,аялдамаға жақындай түсті .Оны біздің жігіт күтіп алды .Күткені құрсын тым болмаса Құралайдай қыздың бетінен де сүймеді . Жәй ғана аман саулық сұрасты білемін , сонан соң барып үлкен жол бойындағы аялдамаға отыра кетті .Ал біз үшеуіміз жер бауырлап төбеден түсіп, жарты шақырымдай жерде тұрған машинамызға беттедік . Сырттай қарасаң біздің жүрісіміз тап партизандардың жүрісі сияқты . Өйткені аузы басымыз құм – құм, ал киімдеріміз салтақ - салтақ кір . Көп айтып неғылайын , жоспар бойынша келеміз де аялдама алдына тұра қалып, қызды салып алып қаша жөнелмекпіз . Бірақ бұл ауызға ғана оңай . Ал біз тоқтағаннан қыз қаша жөнелсе қайтпекпіз . Мұндайда анау - мынау қыз жетіре қоймасы анық . Өйткені қорыққанда қашқан қызды осыдан бір ай бұрын көргенбіз .
Жан - жағынан қиқулап қаумалап жүріп ,əрең ұстап, осы күнгі көршім Əділханды үйлендіргенбіз . Ал мына қызды жөнді танымаймыз да , қандай мінезі бар кім білсін ? Сонда да шешінген судан тайынбас деп , жетіп кеп е Алла деп Құралай қызға жабыса кеттік . Сол сəтте-ақ у-шу , таңғыр-тұңғыр , апан-топан басталды да кетті . Мен қыздың белінен қапсыра құшақтап алғанмын машинаға тығып әлекпін . Құралай болса аяқ қолын керіп есікке тіреп алған кірмей әлек . Машинадағы музыка айғайлап тұр , оны қыздың дауысын жасыру үшін əдейі қатты қоятынбыз . Қысқасы абыр-сабырда,Құралай сұлуды əупірімдеп жүріп машинаға тықтым . Ендігі қалғаны зулап отырып ауылға жету ғана . Бірақ мына өлімтік жигули от алмай қанды ішсе болама .
- Ептт , неге сөндірдің машинаңды?- деймін ашуым кеп айғайлап .
- Өзі сөніп қалды ғой қайтем енді дейді шопыр жігіт .
- Ойбай итеріңдер онда түсіп дедім , өйткені мен қызды құшақтап алғанмын түсе алмаймын . Мұндайда қыз тыныш отырама ?Алдынан келгенді теуіп артынан келді тістеп əлек . Абырой болғанда машинамыз тез оталып ауылдан ұзап шықтық . Ал енді Құралайды көндіру керек . Ол үшін есерсоқ Есболдың өзі керек . Есбол , Есбол дймін ! Сөйтсек Есбол жоқ .
- Ойбай Есбол қайда . Ешкімде үн жоқ . Ее өшірші магнитофоныңды Есбол қайда?- деймін шопырға айқайлап .Тағы да үн жоқ , Есбол жоқ . Мəссаған міне масқара : Машина итеріп жүргенде қалып қойған екенғой ол ақымақ . Құрсын енді нестейміз ? Енді кері қайту керек басқа жол жоқ .
Кері қайтамыз дегенді естігенде , оебой Құралай қызға тіл бітті дейсің келіп .
- Ғаниииии мен саған жібер деймін , жібермесең сотқа берем- дейді жұлқынып .
Иманым тас төбеме шығып кетті . Ал керек болса . Қатын алатын Есбол сотталатын мен . Бірақ мен бұл қызды вәще танымаймын бұл мені қайдан таниды деп таңырқап та қоямын . Сөйтсем бұл қыз мені сырттай таниды екен . Амал жоқ , сөйлесіп ақылмен шешу керек .
- Құралай , жібер десең жіберемін , тек айқайлап бүлдірмесең болды .Тоқтап машинадан түсіп сөйлесеміз . Егер сен шыныменде , көнбейтін болсаң , мен сені өзім-ақ алған жеріме апарып тастаймын . Міне , мына мен саған жігітше уəде беремін . Осыған келісесің бе?- дедім .
- Ия ия , келісемін- деп Құралайым қыз қатты қуанып кетті .Сонымен не керек үлкен жолдан түсіп тастақ жолмен біраз ішкері кеттік . Сондағы ойым бір сайға тоқтап , көзбе - көз сөйлесіп мына қызды, не əрі ,не бері қылу ғана . Мейлі Есболға тисе тисін , тимесе теріс тисін . Мен тек оны үйіне барып сотқа арыз жазбастай ғып уəдесін алып жіберуім керек . Ал енді аяқ қолы босап ,басына бостандық тиген Құралай қыз əңгімені жіберді дейсің келіп .
- Мен сендерді полюбому сотқа беремін. Менің ағамды білмейді екенсіңдер . Мен Тампо Қайроштың ,туған қарындасы боламын . Оны білетін шығарсыңдар .Ол сендерді жоқ қылады, Ғани өздеріңнен көріңдер . Сол үшін мені алған жерлеріңе қайтып апарып тастаңдар Ғани -дейді . Астапыралла , мына сөзден соң, мен де қорқа бастадым . Рэкет ағалары бір түнде кеп өлтіріп кетсе қайтемін . Мен ғой өлем де қаламын, ал үйдегі жалғыз шешем не болмақ ? Енді менен маза кете бастады . Оның үстіне Тампо Қайрош дегенді естігенім тағы бар . Енді қайтпекпін , не болсада тағы да бір тілдесіп көрейін деп аттың басын мен де жібердім дейсің .
- Есболмен сөйлесіп жүргенің рас па ? Рас . Сүйем деп жүргенің рас па ?Рас . Егер рас болса ,неге мұнша шамданасың ? Рэкет ағаң болса қайтейін , аға деген менде де бар . Давай көп сөзді қой . Онан да жөнге келіп нақты шешіп ,бәрін сөйлесіп алайық . Тыңдап ал мені . Тап қазір сенің ауылыңа қайтып барамыз . Сонан соң Есболды тауып аламыз . Екеуің жеке сөйлесесіңдер . Егер сен түбегейлі қарсы болсаң , онда мен сені өз үйіңе, Есболды да өз үйіне апарып тастаймын . Бұл менің қолымнан келеді . Ал сенің ағаларыңмен , біз өзіміз сөйлесе жатармыз , түсіндің ба сен мені?- дедім .
Мына сөзіме Құралай қыз, көзі мөлиіп басын изеп келіскендей болды . Сол кезде жол жақтан біреу жүгіріп келе жатқаны байқалды . Бұл Ермек деген досымыз еді . Есбол ауылға апарар жолмен өтіп кетпесін деп, оны сол жол бойына жібергенбіз . Міне енді сол жүгірмек жетіп келіп айқайға басып жатыр .
- Мляя жігіттер Есбол жоқ . Ал ауыл жақта қатты айқай шу болып жатыр. Енді не істейміз , не істейміз ?-дейді дір - дір етіп.
- Әй ақымақ не істеуші едік ? Не өлеміз , не сотталамыз , не қамаламыз .Басқа не істей аламыз ?Қолымыздан не келеді ?-деп мен де қойып қалдым . Менің мына сөзіме бәрі үрпиісе қарады .Тап сол кезде бір машина үлкен жолдан шығып бізге қарай бұрылды .
Соңынан тағы бір көз жарық көрінді . Ол да, іле -шала бізге қарай бұрылды . Енді біз қатты қорқа бастадық . Бәрімізді үрей биледі . Машина жарығы жақындай түсті . Қысқасы ең алдымен шопырымыз тұра қашты . Онан Ермек қашты . Онаң соң Бекен қашты . Осылайша үшеуі үш жаққа қашты . Ең соңында мен Құралай қызбен қалдым . Алайда көп отырмадым , өйткені жүрек шыдамады . Машина жақындай түскенде менде тұра қаштым . Қашқанда басым ауған жаққа қаштым . Сонан қашып келемін . Қашып келемін .Соңымнан біреу қуып келеді . Бұл кім?- деп қойып қайта қашам . Ол қуған соңымнан қалмай келеді . Артыма қарап - қарап алып онан сайын қашам.Ал мына қуғыншы сонда да қалмай қуып келеді . Арасында тоқта , тоқта деймін тоқта- деп Құралай қыз айқайлап келеді .Мынаны қызды жын ұрған ба ?-деп қоям да, қайта қашам .Ол сонда да қалмайды . Құдай ақырын берсін , мен қанша қашсамда, Құралай қалмайды .Ұялып кеттім . Қой құрсын , не де болса тоқтайын деп тоқтай қалдым . Қуып жеткен Құралай қыз болса қолыма жабыса кетті . Сонда ғана ес жиып сайға қарай көз жүгірттім . Құлағыма əлсін - əлсін дыбыстар естілді .Құралай қыз қорыққанынан маған тығыла түсті . Сөйтсем өз ағасынан, ол да өлердей қорқады екен . Дірілдеп тұр .
- Есболды тауып кетейікші , əйтпесе мені ағам өлтіреді дейді . Мəссаған . Құдай берді . Бергенде де құм ішіне өзі əкеп берді . Есбол , Есбол қайдасың ?Кел де құм ішінде жүрген Құралайыңды атып алағой . Жооқ . Дауыс естілді . Ғани , Ғани , Ермек қайдасыңдар ?-дейді . Міне , міне ! Бұл есуас Есболдың дауысы . Сонда ғана үрейім басылды . Құралай қызды қолынан ұстап төменге түсе бастадым .Осылайша өзім апарып Есболға табыс еттім . Міне мұның соңы той болды . Есбол досым үш ұл, бір қызды болды . Ауылдан көшіп қалалық болды . Бəрін айт та бірін айт өте бақытты отбасы болды . Ең қызығы естен кетпес ұмытылмас күлкі болды .