Уақыт өтіп жатыр.Күздің сұп –суық жаңбыры , бетіме тамып – тамып кетеді. Ал менің көңіл - күйім одан бетер құлазып,жаңбыр суымен бірге көз – жасымды тыя алар емеспін.Бүгін онымен соңғы сөзімізді айтып қоштастық.
Өлгім келеді.Екі жыл бірге жүріп, оны жақсы тани алмаппын.Жақында ғана, үйленеміз деп ,келісіп едік.Өзім аттайтын босағаны, пәк болып аттасам деуші едім. Жоқ.Ол оны тыңдады ма?Ертең үйленеміз ғой. Пәк екеніңді мен білсем болды емес па?Менікі болғасын, қашан болғанда не деп,өзіне сендіріп пәктімгіммен қоштастым.
Ал бүгін...сол қыз ғұмырымды үзген жігітпен де, біржолаға қарым –қатынасымды тоқтаттым.Өйткені,ол менен басқа тағы бір қызбен жүреді екен.Оған да үйленеміз деп уәде беріпті.Оның аяғы ауыр екен.Ал мен ше?Мен ,енді кімге керекпін?
Ол менің сөзіме мысқылдай қарап; "көзіңді ашып қара,қазір басқа ғасырды өмір сүріп жатырмыз.Тек сол нәрсемен өмір шектелмейді" -деді намысыма тие.
Қыздар, ертең мен сияқты өкініп қалмас үшін.Жігіттердің сөзіне сенбеңдер.Ақ босағаны ақ болып,пәк аттай алғанға не жетсін!Бақытың да,бағың да соған байланысты меніңше.Ал мен өз өмірме өзім тосқауыл қойдым.Сенімім тапталды...