Ситора Ахрор

Аспан тар емес,

Арманмен ұшуға.

Аспан паң емес,

разы мұң шағуға.

Көру шарт емес,

Адамды тануға.

Өмір қас емес,

Əсте жақсыға.

Сынайды тəңір,

Сүрінтіп көріп.

Қинайды өмір,

Жылатып, өбіп.

Ей, əзіз адам,

Кемігенде бағам,

Жылай ма бір сəт,

Мені мен  аспан?!...

Ей, əзіз адам,

Қиыс боп қадам,

Сеніммен ойнар,

адамға таң қалам.

Құс қанатым талса,

Бұтағым қонатын.

Жас жігерім жанса,

тамшы боп таматын.

Мейірімге шөлдесем,

Өзенім боп ағатын.

Сенімге шөлдесем,

Үміт шырақ жағатын.

Ей, əзіз адам,

Қиыс боп қадам.

Жалған пейілден,

Жүре алмай қалам.

Ей, əзіз адам,

Тым ерек бағаң.

Шынымен осынау,

Ғажап шын ғалам?!

Ей, əзіз адам,

Сыр айтты қалам.

Сіз үшін мен дəйім,

Дұға ететін болам.

Ей, əзіз адам,

Күйгенде жан...

Неліктен сізді,

Адаспай табам?!...

Олжалап арман,

адасты көңілім.

Табалап дұшпан,

тірліктен түңілдім.

Қор болып сенімім,

өткен күніме үңілдім.

Ей, əзіз адам,

қиялым қорыған.

Тəтті түсімсіз,

жақсыға жорыған.

Жан шегіп жапа,

жұлқынса жүрек.

Болғаным да қапа,

болғансыз тірек.

Ей, əзіз адам,

өр көкте санам.

Көк жүзін кезіп,

арманым табам          

Мейірхан Мейрамбекұлы аудармасы