Ситора Ахрор
Досым жоқ анық түйгенім,
жалғандықты  бастан-ақ сүймедім.
Жасырып қулығын талайлар,
сұмның садағына түйрелдім.
Жаттан жаман жақыным,
сырымды сыртқа шашқан шын.
Жүрегіннің жоғалтқан алтынын,
көптен бері жалқымын.
Пенделік дедім, кешірдім,
қателік болды бар шешімім.
Қадірі қалмады соңында,
дос деген -ардақ есімнің.
Кінəлі шығармын, жақынды да жатты да басқа шығардым.
Сəтсіздігімнің бəрін кешегі,
санамнан мүлде шығардым.
Адамды тани алмаймыз,
Танимыз дейміз, алдаймыз.
Пайда  деген жерде ешқашан,
біздер -  дос бола алмаймыз.
 
Тәжік тілінен аударған Мейірхан Мейрамбекұлы